Home » Айдарлар » Әдебиет (page 3)

Әдебиет

Серік Құсанбаев. ШЫҢ БАСЫНДА ШЫРЫЛДАҒАН СӘБИ

(Бұл әңгімені бала күнімде жарықтық әкем айтып беріп еді) – Ертеде біздің елде қысы-жазы ел кезіп жүретін зағип ақсақал болды. Иығына асып алған дорбасы мен қалақтай ғана қара домбырасы бар осы бір су қараңғы жанның қолындағы жалғыз таяқпен, төңіректі түгел шарлап, соқтықпалы-соқпақсыз жерлерден қалайша жол тауып жүретіндігіне қайран қалатынбыз. Бірақ, жарықтық елге сыйлы еді. Барған жерінде күй тартып, небір аңыз-әңгімелер ...

Read More »

Әбубәкір Қайран. БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРЕТІНДЕР

(новелла) Түнде көрген қорқынышты түсін қайта-қайта еске алып, төбедегі салбырап тұрған шамдалдың салпыншақтарына телміріп жатқанына – бір талай уақыт. «Суға кетіп қала жаздады-ау! Құтқара алдым ба, құтқара алмадым ба? Оянып кеткенімді қарашы!» – деген өкінішке ұқсас бір сезім көгірегін сәт сайын тырмалай беретіндей. Әйелінің ұялы телефоны әндете жөнелді: «Гүлдерайым, күн мен айым, ұшарға қанатым жоқ, не қылайын!..». «Сағат жеті болды. ...

Read More »

АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ. ƏКЕМ МЕН ҰСТАЗ

…”Химия” тəтейіміз бүгін де көңілсіз келді. Осы пəнді оқи бастағаннан қабағының бір ашылғанын көрген жоқпыз. Сұрланған күйі журналға үңіліп, кімнің бар – жоғын тексеріп алған соң сабақты бастап кетті. Эх, химия, химия! Мұғалім қандай салқын болса, сен одан да суықсың ғой маған. Миға қонбайды деп айта алмаймын. Басқа пəндердің барлығын беске оқып жүрмін. Тек осы бір “химияны” суқаным сүймей қойды. ...

Read More »

Сайлау Байбосын. МАСКА САТЫП АЛЫҢЫЗ

АСҚАЗАНЫҢЫЗ АУЫРМАЙ МА? (бүгінгі сатира) Түнiмен iшiм бүрiп, көз iле алмай шыққан соң, таңертең Мықтыгүлдiң ақылымен сүйретiлiп емханаға келдiм. Арқанша созылған ұзыннан-ұзақ кезектiң соңынан iлiгiп, әйтеуiр түс ауа дәрiгердiң де төбесiн көрдiм-ау. Менiң ұсқыныма көңiлi толмады-ау деймiн, көзәйнектiң үстiнен сүзiле қараған дәрiгер мырза тiл қатуға да ерiнiп, не ғып жүрген адамсың дегендей, жай ғана иек қақты. – Мен… не, ептеп ...

Read More »

УРА-А-А-А, МЕН ПРЕЗИДЕНТ ЕМЕСПІН!

(Бүгінгі сатира) Адамның түсiне кейде кiрмейтiн нәрсе кiредi. Таң алдында қара терге түсiп, шошып ояндым. Қаптаған халық екен деймiн түсiмде, бәрiнiң көзi аспанда қалықтап ұшып жүрген бiр аппақ құста. – Бұл не құс? – деймiн қасымда тұрған бiреудi түртiп. – Бақыт құсы!– дейдi ол көктен көзiн алмастан. – Кiмнiң басына келiп қонса, сол адам осы елге президент болады! – Қойшы-ей?! ...

Read More »

Садық Шерімбек. СЕНІҢ ЕСІМІҢ…

Туылмаған сәбилер елінде болдым бүгін түсімде. Қақпадан кіре бере кіп-кішкентай шекарашы қарсы алды. Жүзіме таңырқап қарап тұрды да, мені бір айналып шығып, аздап толқыған үнмен “Үлкен адам келдііііі!” деп бірнеше рет жар салды. Сол-ақ екен, сан мың бала жан-жақтан кетті жинала. Айналама топырлаған олар мені қоршап алып қол-аяғымды, шаштарымды ұстап көріп жатты. Енді бірі құлағыма жаңғырып сөйлесе, екіншісі мойныма асылып ...

Read More »

Серік Елікбай. Қалам мен қайғы. Асанқайғы

Ақ далада ақбуралы ақбурыл қарт. Жын мен жыр аралас Әлемнің желкенін көтерген жағалы мінез, ағалы сөздің ақсақалы. Биліктен бөлек,  байлықтан алыс ұлтымен бірге.  Даланы мекен еткен тағы тектес, тамыры Тәңір өр жұрттың өз туысы.  Қорқыттан биік! Қашуға бейімі жоқ, ашуға иіні көк…  Өліммен өзегі бір, ажалдан да адуынды.  Хандардан қаһарлы,  замандардан да заһарлы! Сөзі-шал жебенің уға малынған, сақталған сақарлы сауғасы. ...

Read More »

Серік Елікбай. Қалам мен Қайғы: Қажығұмар

Белгілі қаламгер Серік Елікбайдың “Қалам мен қайғы” кітабы 2014 жылдан бері жазылып келеді. “Адырна” ұлттық порталы осы кітаптағы  ұлттың жоғын жоқтаған ұлдары туралы жазбаларды ұсынып отыратын болады. Редакциядан. Әлемнің әйгілі зәңгі ұлт ұлдарының бірі Мандела өмірден озғанда, АҚШ президенті Б.Обама «Мандела – жеке бостандығын ұлт бостандығына айырбастаған » – деді. Адамзат бас шайқаған қапырық Африканың қажымас қара ұлы жиырма жеті ...

Read More »

ШӘМШІ АҒА АУЫЛҒА КЕЛГЕНДЕ

«Ауылға Шәмші келіпті. Кенен атасына сәлем бере келген екен. Ол ауылдың мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесу де өткізетін болыпты» деген сөз көпшілікке лезде таралып, адамдар үлкен демей, кіші демей орталыққа қарай ағылды. Солардың қатарында мен де атақты композиторды көруге асықтым. Бұл 1975 жылдың ұмытпасам жаз ортасы болатын. Үлкен жолмен ауыл іргесінен өтіп бара жатып Шәмші аға тоқсанның біріне келіп отырған қарт ...

Read More »