Home » Айдарлар » Дала даналығы (page 5)

Дала даналығы

Бұқар жырау мен Байық шешеннiң айтысы

Бұл материалды бiзге екiбастұздық өлкетанушы, техника ғылымдарының кандидаты Серiк Жақсыбаев ағамыз ұсынды. Төмендегi башқұрттың Байық шешенi мен Бұқар жыраудың айтысы – түбi бiр түркi тiлдес елдердiң ерте уақытта өнерi өрелес, мәдениетi мазмұндас болғанының бiр дәлелi. Бiр қызығы, өзiмен тiлi туыстас, төрi ортақ болса да, татар халқына қарағанда башқұрт елiнiң тұрмысы қазаққа бiр табан жақын болғанын, көне замандарда көшпелi тiрлiк кешiп, үйiрлеп ...

Read More »

Ұлттық Йс пен «көптілділік» һәм ұлттық идеология

Семей топырағына табаны тиген жазушы, жиһангер, ғалым біткеннің дүниеге аты мәшһүр боп шыға келетін әдеті. Ф.Достоевскийдің «Өлі үйден жазылған хат» шығармасы жаңылмасақ тура осы қалада дүниеге келген сыңайлы. Қазіргі тілмен айтқанда Шоқанның ғылыми жобаларының негізі осында ойластырылды. «Абай жолының» елесі тура осы шаһарда қылаң бергені айтпаса да белгілі. Қасиетті жерді киелі ойлар иектейтініне Тыныштықбек Әбдікәкімұлының мына жазбасы айғақ бола алады-ау. ...

Read More »

Аралбай жырау жырындағы көне сөздер

Қазақ даласында елі алақанына салып құрметтеген ақын-жыраулар, би-шешендер, жыршылар, өнер саңлақтары көп болғаны тарихтан мәлім. Олардың ғажайып шығармашылық өмірлері бүгінгі күн тұрғысынан алғанда терең зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, ақын-жыраулардың тілі, сөз қолдану шеберліктері әлі де ашылмай жатқан кеніміз іспетті. Солардың бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Маң­ғыстау өңірінде өмір сүрген атақты Арал­бай жырау Оңғарбекұлының шығарма­шылық мұрасы ...

Read More »

«Жүректің көзі ашылса…»

Кезінде, көркем де көсем Ата Тіліміздің тылсым қасиеті мен күрделі тағдырына деген өзгеше көзқарасымызға («Қазақ әдебиеті». №47-50. 2012) «мұсылмандық» зор кіжініс («Қ.Ә.». №7, 2013. Қайыр Құрақұлан. «Керасқақ мінезге тізгін бермейік…») білдірілді. Оған уәж («Қ.Ә.». №20, 2013) айтсақ та, сол кіжініс «Сондағы «жеткен» шегіміз баяғы керасқақтық па?!» («Қ.Ә.». №30, 2013) түрінде қайтадан бас көтерген. Сондықтан, ол гөй-гөйге жауап қатпаймыз деп ұйғардық. ...

Read More »

Жыраулық өнердің дүлдүлі

Бұқара жұрт, осы кезге дейін көне жырлардың ерекше жанр ретіндегі орнын толық ұғынбай, оларды айтушыларды «термеші», «жыршы», «жырау» деген әдеби терминдерді «әу» дегендердің бәріне бірдей таңып, Мұрын Сеңгірбекұлын да тек сол қатардан санап келсек, онымыз сыпайылап айтқанда, сауатсыздық екен. Егер осы тұлғаға кезінде Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Н.Оңдасын­ов секілді ұлттың мәдени өміріндегі нарлары шын асылдың құны мен қадірін біліп, назар аудармағанда Мұрын жырау ескерілмей, ...

Read More »

Қазақтың құпиялы қайран тілі…

Дүниедегі  адами барша құбылыс – Тіл­дің жасампаздығы мен жойым­паз­дығы. Өйткені, Адамның да, Ұлт Рухының да басты «құралы мен қаруы» – Тіл. Ал, біздің Ата Тіліміз ме­млекеттік өз мәртебесіне лайық өм­ір сүруде ме? Статистикаға сенсек: «ме­м­лекеттік Тіл жылдан жылға өр­кен­деу үстінде». Рас, оны да жоққа шы­ғару­ға болмайды, ілгерілеу бар. Бірақ, өр­ке­ниет орталықтары саналмыш қала-қа­ла­ларымыздағы көше-көшелердегі барша қазақша самбырдың жазбаша  сық­пытынан жаныңыз түршігеді! Та­бан­датқан жиырма бес жылдайғы ...

Read More »

Оғыздан шыққан жыландар тарихтың қойнауына қалай сiңiп кеттi?

Түрiк тектi халықтардың арғы тегi кiмдер екенiн айғақтайтын «Оғыз қаған»туралы аңыз бар. Аңыздың ұзын ырғасы мынадай: Оғыз қағанның көктiң нұрынан жаралған әйелiнен – Ай, Күн, Жұлдыз, ағаштың ашасынан жарал­ған әйелiнен –Көк, Тау, Теңiз атты алты баласы болғанын, олардан тараған түрiктектi халықтардың түп атасы саналатын 24 немесе кейбiр деректерде 22 немересiне қаған өмiрiнiң соңына таман иелiк жерiн еншiлеп бөлiп берiптi.Оғызнамада «он ...

Read More »

Желбау

Белгiлi мифолог-ғалым Серiкбол Қоңдыбай «үрей» сөзiн түсiндiргенде, осы жыр жолдарын көрсеткен: «…Шамақандай залымның Үрейi ұшып сасады. Ақылынан танады, Iшi күйiп жанады… Жаудың бетi қайтқан соң, Кеттi айдаһар жоқ болып…».  Бұл жыр жолдарында бiздiң мақалада айтылған «үрейi ұшты» сөзi мен «Шамақан~Шамақай» кiсi атын көремiз. Бiз «шөмекей» ру атауын «су жылан» мағынасын бiлдiретiн «шомақай» түрiндегi жуан дауыстыларды негiзге алып талдаған болатынбыз. Көшпендi ...

Read More »

Қаймана

Ежелден қалған «Ер Төстiк» атты ертегiмiзде Бапы хан жерасты елiне түскен кезде, Шалқұйрық атқа тiл бiтiп: «Бiз ендi жер астына түстiк, бiзге бұдан былай жерастының елi жолығады. Бiраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенiмiзде, менi алысқа қалдырып, өзiң ордаға кiресiң. Ордаға кiргенiңде есiңде болсын: екi босағадан екi қара шұбар жылан ысылдап тұра келедi, олардан сескенушi болма, олар – жылан ...

Read More »