• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Алдаспан » «Жолбарысты қорқытар сұсты келбетіңнің болмағаны ма?»

    «Жолбарысты қорқытар сұсты келбетіңнің болмағаны ма?»

    Халқымыздан пейілі даласындай кең, тұлғасы тауындай биік, «дос болғанға – құшағы ашық туыспын, қас қылғанға – қиып түсер қылышпын» деп атой салған ержүректер, сәуегей даналар мен шаңырақ ұйытқысы аналар, әділ би, төрелер мен ел бастаған хандар шыққан. Көзі қысық, сөзі қисық қытай соққысына шыдап, жоңғарлар төнгенде ақтабан шұбырындыны бастан өткізіп, бергіде орыс езгісіне қасқая қарсы тұрып, талай боздағынан айырылып, түбінде тәуелсіздік туын желбіретіп, азаттығын алған қайсар қазағым-ай!

    Бұл күндері аса ауыр қиындықпен келген тәуелсіздігіміз қазақ халқына біршама жеңілдігін әкелгенімен, ұрпақ азып, ұлт діңгегі босап бара жатқандай. Жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының қорқынышы, Бақтияр палуанның әкесінің реніші шындыққа айналып бара жатқаны алаңдатады. Ел арасында «Бақтияр палуан өткір қылышымен жолбарысты қақ айырыпты» деген көз қуантарлық әңгіме бар. Бірақ ол ісіне Қажымұқанның замандасы Бақтияр палуанның көңілі толмаған екен. Өйткені өз әкесіне бұл ісін мақтанып айтқанында, әкесі налып: «ұрпағым ұсақталып барады-ау! Ол жабайы мысық мен орманнан өткенде басын екі бұтына тығып жатушы еді, сол хайуанды қорқытар сұсты келбетіңнің болмағаны ма?» – депті. Ал немістің оғынан да қорықпаған батыр Бауыржан бабамыз немересіне ертегі айтар қариялар, сәбиіне бесік жырын айтар келіндердің азайып, бір-бірімен орысша тіл қатысатын қазақтардың көбеюінен қорыққан екен…


    Ермұрат ШОПАН,

    ҚазҰУ-дағы «Адырна»клубының мүшесі.

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бабалардың соғысу тактикасын Бауржан Момышұлы білген бе?

    Ежелгі көшпелілердің, сақтардың, ғұндардың, көне түріктердің, моңғолдардың, тіпті кейінгі қазақтардың соғыс тактикасы жаһан тарихында жоғары ...