Home » Айдарлар » Алдаспан (page 4)

Алдаспан

Келтір ШӘНЕНОВ: Зобалаң жылдар зардабы

1928-34 жылдары Кеңестік үкіметтің қазақ елінің ішінде жүргізген зобалаң  саясатының салқыны қазақ елінің ішіне орасан зор зардап әкелді. Оның әсіресе қазақ ұлтына зияны мол болды. Мал басының саны күрт төмендеп кетті. Малынан айырылған, әрі зорлап қоныс аударылған, әрі еріксіз отырықшылыққа итермеленген ауылдар жаңа жағдайға бірден көндіге алмай тұрмыс-күйлерін нашарлатып алды, сөйтіп жаппай ашаршылыққа ұшырады. Бұл өз кезегінде тек таза қазақ ...

Read More »

Кенесары көтерілісі

Тәуелсіздікке қазақ халқы қалай қол жеткізді деген мәселе бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін өте маңызды. Оған жауап іздеу үшін өткен тарихымызға тереңірек үңілгеніміз орынды болмақ. Ресей отарлауына қарсы қолына қару алып күресу үш ғасырға жуық уақытты қамтыды. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз жалғасып отырды. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінде Сырым Датов (1783-1797 ж.ж.) отаршылармен 14 жыл соғысса, Жоламан Тіленшиев (1822-1840 ж.ж.) 18 ...

Read More »

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ: Жалпыхалықтық қасіретті естен шығару қоғамның өзі үшін де қауіпті

– Мемлекет басшысының 1997 жыл­ғы 5 сәуірдегі Жарлығымен «31 мамыр – Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні» болып белгіленгені мәлім. Елімізде саяси репрессия және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, атап өту дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, тарих­шы ғалымдардың ғылыми ең­бек­терінде кезінде сталиндік билік тара­пынан қазақ қоғамына жасалын­ған адам айтқысыз қиянат, зорлық жөнінде жантүршігерлік мәліметтер аз жазылып жүрген жоқ. Дегенмен бұл күрделі ...

Read More »

Қазақ қалай басынан айырылды?

Қазақ батырлардың басының алынуы Кенесарыдан басталады. Ханның 1847 жылы басы алынып, сүйегі қырғыз жерінде қалды. Бұрын Санкт-Петербургтің Кунст-камерасында тұрған сол бас соңғы жылдары ізім-ғайым жоғалды. Тағдыры да, басы да осындай тәлкекке түскен ерлеріміздің бірі атақты Бөке батыр (1846-1904). Ол қытайдағы қазақ елін жақсы, жайлы жерлерге орналастыру үшін басын тауға да, тасқа да соқты. Бөке батыр 1904 жылы кенеттен ауырып, қайтыс болады. ...

Read More »

Қазақтың жаугершілік киім-кешектері, қару-жарақтары және соғыс уақытындағы кейбір дәстүрлер

Осынау өтпелі кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, саяси көзқарастарға байланысты әрбір мектеп деңгейіндегі балалар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, санасына түйіп, ата- бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізе білуі үшін ұлттық дүние танымды қалыптастыруымыз қажет. Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай… Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі ...

Read More »

Сырым батырдың өлiмi екi ғасырдан берi ашылған жоқ

ХIХ ғасырдағы ұлт-азаттық күресiнiң батырлары мен ХХ ғасыр қайраткерлерiнiң жұмбақ жағдайда өлтiрiле беруi   қазақтың маңдайына жазылып қойғандай. Нағыз ұлтжандылар   жалғыздықтан, жауыздықтан, опасыздықтан өлiп жатыр. Кеше де, бүгiн де, алда да солай бола беретiн түрi бар… Бұл – ұлттың ғасырлардан асқан қасiретi. Өкiнiштiсi, елiн өрге сүйрер қайраткер тұлғаларына пана бола алмаған сорлы жұртының мiнез-құлқы    уақыт пен қоғам алмасса да өзгерер емес. Қайраткерлерiмiздiң жұмбақ өлiмдерi ашылмаса, елдiң рухы ешқашан көтерiлмейдi. Олай болса, Кенесарының ...

Read More »

Бір өзінің айбаты мың кісідей болады…

«Қарабек батыр» деген жырдың екі нұсқасы бар. Оның бірін 1940 жылы Қызылорда облысы Арал ауданындағы Кеңес Одағының Ғылым академиясы ұйымдастырған экспедиция жинаған екен. Эпостардың мазмұнына еліктеп кейіннен шығарылған осынау жырда Қарабек батырдың қайсарлығы, отансүйгіштігі кеңінен сипатталады. Қарабек он жасқа келгенде қол-аяққа тұрмай қалаға қашып келеді. Бірде ол түсінде қып-қызыл желді көреді. Сол дауыл бәрін қиратып, жайпауға айналады. «Қарыңдасыңның сұлулығын естіп, ...

Read More »

Бабалар ерлігі – тәуелсіздік тірегі

Қазақ тарихының қай кезеңіне ой жүгіртіп, зердемізде таразыласақ та ел болып қалыптасуының оңайға түспегенін көреміз. Отанын отаршылдықтың бұғауынан босатпайынша аттан түспеген батыр бабаларымыздың ерлігі — бүгінгі тәуелсіздігіміздің тірегі іспетті. Өзге жұрттың көзіне шел бітірген қазақтың ұлан-байтақ жері мен  байлығы, сайын даласын жайлап жатқан мыңғырған малын талауға қанды ұртын тамсана жалап, кімдер құмартпады дейсіз?! Алайда, бірлігінен бүтіндік, тірлігінен адалдық айнымаған елді ...

Read More »

Теміршілер немесе киелі өнер иелері шеберханаға мұқтаж

Темірден түйін түйген, байырғы қару-жарақ жасаудың қас шеберлері, ағайынды үш ұста – Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлментегілердің қара шаңырағына жолымыз түсті. Қара шаңырақ дейтін де жөніміз бар, өйткені теміршілер әкелерінен қалған баспананың алақандай ауласын шеберхана ретінде пайдаланып отыр. Төбесі жабылып, екі бүйіріне қора дуалы қалқан болған шеберхананың ашық далаға қаратылған солтүстігі мен батысынан соққан аңызақ жел өңменіңнен өтеді. Қасиетті ұстахана Ұстахана ...

Read More »