• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Алдаспан » Алматыда Нұрмағамбетовты құрметпен еске алу күні өтті

    Алматыда Нұрмағамбетовты құрметпен еске алу күні өтті

    Осыдан 5 жыл бұрын 2013 жылғы 24 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмірден озған еді. Бүгін Төлебаев пен Жамбыл қиылысында мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын салтанатты қою рәсімі өтті. Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға оның туысқандары мен достары, ҚР ҚК ардагерлері мен Алматы өңірлік гарнизоны әскери қызметшілері, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығы қатысты.
    Халық Қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы, ұлты-қазақ, 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы Алексеев ауданында (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданында) дүниеге келген.
    1942 жылы мектеп  партасынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның  Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сәуір айынан  Ұлы Отан соғысының  майдандарында болды. 1945 жылдың мамыр айына дейін пулемет взводының командирі, пулемет ротасының командирі, 5-екпінді армияның ІІ дәрежелі Суворов орденді  301 Донецк Берлин атқыштар дивизиясының  1052 атқыштар полкі құрамында атқыштар батальонының командирі лауазымында соғысқан.
    1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылдың мамырында ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
    1995 жылдың қараша айында армия генералы атағымен отставкаға шықты.
    Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2- дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, Октябрь революциясы, “Отан” ордендерімен, медальдармен, шетелдердің орден, медальдарымен марапатталған.
    1994 жылғы 23 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен № 1 «Алтын Жұлдыз» табыс етілген.
    Сонымен қатар Үкімет Қаулысымен Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебіне армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілген.
    Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы ел есінде мәңгі сақталып, тарихта аты қала бермек.

    Қарлығаш Мұсабекқызы

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қанжығалы қарт Бөгенбай

    Абылай айналасындағы батырлардың ата-баба қонысын, туысқан қарым-қатынасын сақтап, ішкі алауыздықтан сақтандырған іс-әрекеттері бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ...