• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Балдырған » Төл мерекеміздің балаларымызға еш қатысы жоқ па?

    Төл мерекеміздің балаларымызға еш қатысы жоқ па?

    Кез келген мереке періште көңілді балалармен қызық. Ертегідей кейіпкерлерімен көрікті. Аяз атасымен, Ақшақарымен «Новый годты» сүйіп өстік, олардың сыйлығын сағына күттік. Енді түсіндік, ол Еуропаның мейрамы екен, біздің төл мейрамымыз Наурыз екен… Ал енді осынау Ұлыстың ұлы күнінде біз балаларымызға не сыйлық жасап жатырмыз? Біздің мейрамда неге балаларға арналған кейіпкер жоқ? Әлде, төл мерекеміздің балаларымызға еш қатысы жоқ па?    

    Құдайға шүкір, Қызыр ата, Жезтырнақ, Перінің қызы, Тау соғар, Желаяқ, батырлар мен сұлу да дана аруларымызды арқау еткен ауыз әдебиетімізде кейіпкерлер жетіп артылады. Тек оларға лайықты киім тіктіріп, қойылым қою жағы ақсап тұр. Жаңа жылда жарқ-жұрқ еткен әшекей көп. Бала көңілге ол да алданыш. Біздің ұлттық оюлармен үй бөлмелерін, қала көшелерін безендіру әдетке айналса да, құба құп. Күн мен түннің теңелген ғажайып бұл күнде балаларымызға неге сыйлық сыйламаймыз? Мысалы, оны Қызыр атаның  арнайы сыйлығы деп тарту етсеңіз, сәби санасы Қызыр атаны мәңгілікке жадында сақтайды емес пе? Балалар Ұлыс тойы туралы өлеңдер жаттап, оны Қызыр атаның алдында айтып берсе, нұр үстіне нұр болмай ма? Қызыр атаны қазақтың әрбір отбасы сағынып күтетін күн күнге жетуге жазсын деп тілейміз! 


    Арман ӘУБӘКІР 

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Мектептерде робототехника сабағы ашылды

    «Бүгінгі таңда ғылым мен техника саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында елорда мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту ...