• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Балдырған » Ақ тиін мен қасқыр

    Ақ тиін мен қасқыр

    Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:- Мені жеме, жібер? – дейді.

    – Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

    Сонда ақ тиін:

    – Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.

     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Мектептерде робототехника сабағы ашылды

    «Бүгінгі таңда ғылым мен техника саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында елорда мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту ...