Home » Айдарлар » Ата дәстүрді жалғастырайық (page 2)

Ата дәстүрді жалғастырайық

Қыз келсе сыпырғы тығылып қалатын қазақ салты

Қазақтарда: «Қыз келсе сыпырғы тығылып қалады» деген әзіл-шыны аралас сөз бар. Тұрмысқа шыққан қыз ата-анасының үйіне келгенде қалаған нәрсесін алып кетуге ерікті. Дегенмен, қыздың айтқанын орындау мүмкін болмаған жағдайда қыз аяғын созып отырып жыласа «енді келмеймін» дегені. Бірақ та қазақтар бұндай жағдайға жеткізбеуге тырысады. Себебі қыздың қалауы жазылмаған, бірақ орындалуы тиіс заң. Қазақтар қыздарын өкпелеткісі келмейтін халық — себебі қыз ...

Read More »

Көмбе. Көктөбенің көкжалы

Қазақ тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдан асты. Қилы тағдырлы алаштың тарихы қайта таразыланып, кеңес дәуірінде тыйым салынған парақтары жария етіліп жатыр. Ақтара білген адамға жасырылған көмбе көп. Тек кілтін табу қиын, сұрқия заман куәгерлері көз жұмған, ел ішінде ауыздан ауызға тараған әңгіме үзік-жұлық, сұйылған, дерек тапшы.  Әйтсе де … Сыршыл Мағжан ақын: «Ерлерді ұмытса де ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ...

Read More »

МЕШІТБАЙДЫҢ СҰРКИІГІ

Салт пен дәстүрдің бірі – саятшылық Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жасалып жатқан басты шаруалардың бірі – жоғалтқанымызды қайта түгендеу. Соның бірі – ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қайта қарап, қалпына келтіру болса, екіншісі – халық санасынан өшіп кеткен жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздың есімдерін қайтадан тірілту. Үшіншісі – ұмытылып кеткен жер-су, елдімкендердің тарихи атауларын қалпына келтіру. Төртіншісі – ұлттық тағамдарымызды әлемдік деңгейде таныту. ...

Read More »

Қазақтың бір өнері – құрықшылық

Кейінгі жылдар ұлттық ат спорты жан-жақты дамып келе жатқанын көріп жүрміз. Түрлі қашықтықтағы бәйге, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу секілді халыққа бұрыннан таныс ат ойыны түрлерінен басқа, асау үйрету де ат спортының бір түрі ретінде қолға алынып жатыр екен. Әрине, бұның бәрі ұлтымызға етене жақын, сонау түркі заманынан бүгінге жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміз. Қолдап, қуанғаннан басқа айтарымыз жоқ. Сіздерге әңгіме ...

Read More »

Сауын айту салты – немесе үлкен жиындарға қымыз жинау

Қазақ тойлары мен басқа да жиындарына әрқашан көп қонақ шақырылады. Бұрынғы ғасырларда тойлар бірнеше күнге созылатын болған. Ертегілер мен батырлар жырларында «отыз күн ойын, қырық күн тойын» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл күндері ән шырқалып, күй тартылып, айтыстар өткізілетін. Балуандар күресі, ат бәйгесі тағы басқа да сайыстар өткізілген. Бұндай жиындарға қонақтар өздерінің ақын-айтыскерлерін, күйші-әншілерін, қара күш иелері мен шабандоздарын және ...

Read More »

«Ұрын бару» қазақ ұлтының тәрбиелік маңызы терең салты

Құда түсу мен тойдың арасында күйеу жігіт қалыңдығының ауылына баратын болған. Бұны қазақта «Ұрын бару» деп атайды. Осы салт туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезұлы «Абай жолы» романында: «Абайдың бұл келісі ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады. Өзге келістердей емес, күйеу бұл жолы, алғашқы күндерде талай нәрсеге көндіге білу керек. Сол ...

Read More »

Жылқысыз қазақ қазақ па?

Фото: Нұрғиса ЕЛЕУБЕК Қазақ – жылқы малын жеті қазынаның бірі санап, оны аса қастер тұтқан халық. Алайда сол Құлагеріміздің тұқымдары қайда? Одан әрідегі Алпамыс, Қобыланды секілді алыптарымыз мінген шабысы мықты жылқыларымыздың тұқымдары бар ма? Неге біз олардың тұқымын алып, текті қанды жылқыларды одан әрі асылдандырып, жетілдіріп отырмаймыз? Жалпы, елімізде жылқы индустриясына қаншалықты көңіл бөлініп отыр? Өкініштісі сол, бүгінде түркіменнің ақалтекесіне ...

Read More »

Айтыңыз атыңыз кім болады

Кезінде әнші анамыз Роза Тәжібайқызы Бағлан шырқап, кейін «Дос-Мұқасан» тобының орындауында кеңінен тарап, әлі күнге дейін шырқалып жүрген әннің осы сөздері көп нәрсені білдіреді. Себебі қазақ өте балажан халық. Дүниеге сәби келсе, қазаққа одан өткен зор қуаныш жоқ екенін: Бар нәрсенің ләззаты, Ата-ананың жаннаты, Бұл дүниенің мұрасы, Перзентіңнің ырасы, – деп ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы төрт ауыз өлең жолымен жеткізген. Дүниеге ...

Read More »

Бауыржан Момышұлының батасы

Бұрынғы Семей облысы Iшкi iстер басқармасының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлiмiнiң бастығы полковник Тоқтар Мәнкеновтың әңгімесі. Бiрдi бiрге сабақтап, алып қашқан ойдың ырқымен межелi тұсқа жеткендерiн де аңдамады. Бауырын кеңге жазған белең-белең Жидебайдың қырқасы көз алдарында. Соның бiр кезеңiне қоныс тепкен Абайдың қыстауы. Мiне, неше жыл көрмесе де, таныс мекен Тоқтардың көзiне оттай басылды. Машина тоқтасымен, мұражайдың адамы қарсы алды. ...

Read More »