Home » Айдарлар » Ата дәстүрді жалғастырайық

Ата дәстүрді жалғастырайық

Қыз балаға міндетті түрде оқу керек!

Әжемнің ақыл-өсиеттерінен: • Біреуге жамандық жасасаң да, қайырымын, кесапатын, зиян-зардабын өзің тартасың. Жақсылық жасасаң да, шарапаты өзіңе тиеді. Жасаған жақсылығыңды көпсінбе, міндетсінбе. • Әлдекімнің жеткен жетістігіне, үйіліп-төгіліп жатқан ырысына, мыңғырған мал-мүлкіне, аспандап тұрған атақ-абыройына көзіңді сүзбе, тымырайып-тыжырайма. Ішіңде қырық пышақ айналмасын. Әркім өзіне бұйырған ғана несібесін жейді. Не артық, не кем емес. • Адамдардың екі әшекейі бар: әдебі мен кішіпейілділік-қарапайымдылығы. ...

Read More »

ЖИЕНҚҰЙРЫҚ немесе ЖИЕНҚҰРЫҚ

Қазақ қыздарынан туған баланы ” жиен” деп, оларды ерекше еркелетіді. Қанша еркелесе де , əуре- сарсаңға салса да “ИТТІҢ күшігі “деп күле қабылдайды. Жиендер ұнатқан нəрселерін сұрамай əкетсе, “Əлгі күшік тістеп кетті”деп риза болады. Бұл тартудың “Жиенқұйрық ” аталу себебі: Ертеден Қайқы атты бидің жақсы көретін ақылды Смет деген жиені болыпты. Смет нағашысына барып :-Ата , маған келесі жылғы төліңізден ...

Read More »

Ән арнау – қазақтың байырғы салты

Қазақ рухани мәдениетінде өзіндік салттары бар саз өнерінің алатын орны зор. Сондай салттардың бірі — Ән арнау. Қазақ жүрегінде Отанға деген махаббат әрқашан бірінші орында тұрады. Өткен 20 ғасырда да қазақтың отансүйгіштігін дәлелдейтін керемет сазды туындылар дүниеге келді. Мысалы композитор Ескендір Хасанғалиевтің ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзіне шығарған «Атамекен», «Дос-Мұқасан» тобының жетекшісі Мұрат Құсайынның ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне шығарған «Туған ...

Read More »

Ұлы іс – Ұлыс, Наурыз келе жатыр

«Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде тәңірідей құдай ел тіршілігіне кеңшілік әкелді деп есептеледі. …Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылған күн». Қыс қатты болған биылғы жыл туралы айтылғандай бұл сөздерді көп жылдар бұрын Мұхтар Әуезұлы «Сыршылдық салт өлеңдері» атты мақаласында жазған. Ұлы жазушы мақаласын былай деп бастапты: «Наурыз күншығыс халқының көбінің мейрамы болған. ...

Read More »

Естірту – қазақтың салмағы ауыр салты

Қазақтар жаратылыстың бар қыр-сырына салмақты қарап, қабылдап отырған. «Өмір бар жерде өлім бар», «Тумақ болған соң өлмек парыз», дейтін қазақ халқы мұндай ауыр хабарды марқұмның жақындарына турасынан айтпай, өзгеше түрде естіртетін болған. Естіртуге әдетте дуалы ауызды, елге сыйлы, жасы үлкен бірнеше адам баратын Олар үйге кіргенде өздерін салмақты ұстап, дауысын жай шығарып, аман-саулық сұрасқаннан кейін сөзді «бекем болыңыз» деп бастап, ...

Read More »

Ұмытылуға жақын қазақ салты

Қазақ кез келген қуанышты той деп атайтындықтан «Қазақта не көп – той көп» деген сөз кездейсоқ айтылмаған.   Қуаныштың бәрі той Салтанатты жиынның өзіндік аты болса да қазақ оны той деп атай береді. Мысалы, сәби дүниеге келісімен үш күн бойы тек жастар ғана жиналып тойланатын «Шілдехана», «Шілдекүзет» ұйымдастырылады. Бұл қуаныштың тағы бір аты «Шілдехана той» деп аталады. «Тұсау кесер» де ...

Read More »

Бастаңғы – жастардың көңіл көтеру салты

Қазақ даласында өмір сүру ешқашан оңай болмаған. Сондықтан қиын еңбек ауыртпалығын жеңілдету мақсатында дем алып көңіл көтеру мақсатында түрлі ойын-сауық орын алатын. Ерлер тоғызқұмалақ ойына, қонаққа баруды, аң аулауды және түрлі сайыстарды ұйымдастыруды әдет ететкен. Олар ән шырқап күй ойнайтын. Қоғамның барлық мүшесі дерлік домбыра ойнай алатын болған. Көңіл көтеруше әңгіме-дүкен құру да жататын. Әйелдер жағы болса әдетте өздерінің көңіл ...

Read More »

Жақсы адам бір ай қонақ болса да жарасады

19 ғасырда қазақ даласында көп жылдар өмір сүрген поляк халқының азаттығы үшін күрескен революционер Адольф Янушкевич, қазақтардың қонақжайлылығына таң қалып, егер қазақтарды экватордың бойына орналастырса онда жерді тегін айналып шығуға болар еді деп жазған. «Қазақ» сөзінің мағынасы «азат адам» екені белгілі. Сонымен қатар «қонақжай адам» деуге де әбден болады. Себебі қазақтар үшін қонақты күтпеу қазақ болудан бас тартумен тең. Қонақ ...

Read More »

Қыз келсе сыпырғы тығылып қалатын қазақ салты

Қазақтарда: «Қыз келсе сыпырғы тығылып қалады» деген әзіл-шыны аралас сөз бар. Тұрмысқа шыққан қыз ата-анасының үйіне келгенде қалаған нәрсесін алып кетуге ерікті. Дегенмен, қыздың айтқанын орындау мүмкін болмаған жағдайда қыз аяғын созып отырып жыласа «енді келмеймін» дегені. Бірақ та қазақтар бұндай жағдайға жеткізбеуге тырысады. Себебі қыздың қалауы жазылмаған, бірақ орындалуы тиіс заң. Қазақтар қыздарын өкпелеткісі келмейтін халық — себебі қыз ...

Read More »