Home » Айдарлар » Асыл қазына (page 4)

Асыл қазына

Жар басындағы жәдiгердiң жанайқайын кiм естидi?

Сарайшық! Салтанаты асқан, мейманасы тасқан шырайлы шаһар. Туған халқының өткеніне бейжай қарамайтын әрбір қазақ үшін бұл қала өзінің тағылымды тарихымен, өрелі өркениетімен, сәнді сәулетімен бағалы, талай марғасқа хандар мен апайтөс батырлардың тұлпарының тұяғының дүбірі тиюімен қастерлі. Киелі өлкенің қасиетіне тәу етіп, көне қаланы бір көрсек деген тілегіміз қабыл болып, жақында Атырау қаласына табанымыз тиді. Сәті түсіп, Сарайшыққа да соқтық. ҚИЯЛДАҒЫ ...

Read More »

Таңбалы тастарға жойылу қаупі төніп тұр

Ата-балаларымыз тағылымын, дүниетанымын тасқа қашап жазып қалдырған емес пе?! Арғы аталарымыздың қолының таңбасы қалған Алматы облысындағы Таңбалы тасқа барып қайтуды көптен бері ойға алып жүрген едік. Жуырда соның сәті түсті. Виталий және Ирина Хромец есімді ерлі-зайыпты дінтанушы (Киев университетінің дәріскерлері) ғалымдарды жеке көлігімізбен Таңбалы тасқа алып барып қайтуға ұсыныс жасалғанда ойланып-толғанып жатпастан-ақ бірден келісімімізді бердік. Ал жолбасшылыққа ұстазымыз, түркітанушы ғалым ...

Read More »

Көне қазыналарымыз көрінгеннің уысында кеткені ме?!

Қалың қатпарлы тарихтың қыр-сырына қанық ғалымдар Сырдың бойындағы әрбір төбенің астында жатқан бір сыр бар екенін тілге тиек етеді. Расында, бұл әңгіме бекерден-бекер айтылған жоқ. Кезінде дария бойында мыңға тарта шаһар болған деседі. Сыр жерінде 555 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 21-інің республикалық, 274-інің жергілікті маңызы бар. Қалған бөлігі алдын ала есепке енгізілген. Бұл құнды қазынаның қорғалуын Облыстық тарихи ...

Read More »

Біздің ескерткіштер неге «сөйлемейді»?

Тарихшы Манаш Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: «Халықтың тарихи санасын ояту – біздің парызымыз. Бірақ, біз осы бағытта халықтан тым ұзап, асығыс кетіп бара жатқан сияқтымыз», – деп еді. Ал, бүгінде тарихшы, археологтар мыңдаған тарихи-мәдени ескерткіштерді тапты, зерттеді. Әлі табылмай, не зерттелмей жатқаны қаншама?! Қазір де мәдениетімізді тарихи ескерткіштер негізінде танудың мүмкіндігі туды. Ескі жәдігерлерді сөйлете білсек, рухани тарихымызды да білген ...

Read More »

Елдің брендіне айналатын дүние әлі туған жоқ

Мәселе  ескерткіштер туралы. Қоладан құйылып, тастан өріліп жасалған әлемдік мүсін өнерінің  ғажайып туындылары  қай елдің  де төлқұжаты іспетті. «Мен мәрмәр кесегін қолыма алып отырып, артық жерін сылып тастаймын», деп француздың атақты мүсіншісі Огюст Роден айтпақшы, тастарды сөйлету — өнер құдіретінің белгісі. Еуропаның ежелгі қалаларының қайсысын алсаңыз да ертеден келе жатқан тас мүсіндер сәулетті сарайлардың, ғажайып ғимараттармен біте қайнасып, сондай бір ...

Read More »

Арыстанбаб кесенесi құлау алдында тұр

 Тарихи құндылығы аса жоғары, елiмiзде республикалық дәрежедегi ескерткiштер қатарына жататын Арыстанбаб кесенесiнiң жағдайы соңғы бiр-екi жылда күрт төмендеп кеттi. Ақпан айының 3-i күнi ғимаратты аралап көрген соң, ескерткiштi сақтау шаралары жасалмаса, оның бұзылу алдында тұрғанына көзiм толық жеттi. Құрылыстың есiк пен терезе ойықтары үстiндегi қабырға бөлiктерiне сызаттар, жарықшалар түскен, кейбiр қыштар орындарынан босаған. Бiр бөлмеде қабырға жоғары бөлiгiнен iргесiне дейiн жарылыпты. Қабiрхана ...

Read More »

Жұмбағы көп Жуантөбеде Алтын адам жатуы мүмкін бе?

Алматының оңтүстік-шығысынан 250 шақырымдай, Райымбек ауданы Тоғызбұлақ ауылына жақын жерде Жуантөбе деген мекен бар. Аты айтып тұрғандай, қалың қабырғалары алыстан менмұндалаған еңселі төбе Екпінді жазығының дәл төрінде, таумен ұласа жонданып көрінеді. Биіктігі  – 16-17 метрге жуық, радиусы – 50 метрдей, сыртынан шыр айналдыра ор қазылған төбенің орта тұсы опырылып, төмен түсіп кеткен. Ауыл зиялылары бұл төбені өткен ғасырларда орыстың қарақшы-жиһангерлері ...

Read More »

Бабалар сүйегінің сұрауы қайда?

Өткенге салауат, болашаққа ғибадат айтпай, бүгінмен ғана өмір сүру біздің салтымыздан болмаса керек-ті. Бірақ әзірге ғасырлар құндағында қалған қасиетті қазыналарымызға оң көзқарас танытқан сыңайымыз болғанымен, сынымыз келіспей тұр. Ата-бабамыз жүріп өткен жолдарды қаншалықты зерттеп-зерделей алдық? Біздің заманымыздан бұрынғы өркениетті тануға өреміз жетті ме? Басқа аймақтарды қайдам, аспанмен таласқан тауы мен сылдырай аққан бұлағы жоқ Атыраудың алыс-жақыннан бетке алған меймандарының алдында ...

Read More »

Тостағандағы жазудың сыры қашан ашылады?

Алғашқы «Алтын адам» Алматы қаласынан 50 км шақырым жердегі Есік өзенінің бойынан 1970 жылы археологиялық қазба кезінде (К.Ақышев, Б.Нұрмұханбетов) көне қорымнан табылғанын білеміз. Қазір «Алтын адамдардың» саны алтауға жетіпті. Құдай, қазаққа амандығын берсе, әлі «алтын адамдардың» саны 16-ға жете ме, 26-ға жете ме, белгісіз? Өйткені, біз – жер-дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен, тарихы алтын әріптермен жазылған ұлы көшпенділердің ұрпағымыз. Есік қорымынан ...

Read More »