Home » Айдарлар » Асыл қазына (page 2)

Асыл қазына

«Абай туралы естеліктер» кітабы бес мың данамен жарық көрді

 Adebiportal.kz порталы жақсы жаңалық туралы жазды. Жақында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорында сақталған қолжазбалардың негізінде «Абай туралы естеліктер» кітабы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында 5000 таралыммен жарық көрді. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған – жазушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің директоры Болат Жүнісбеков. Оқырмандар бұл кітаптан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың хәкім Абайдың ЮНЕСКО ...

Read More »

Қыпшақ бабалар жазбасы Арменияда қайдан жүр?

Армян қарпімен хатқа түскен қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттеуге саналы ғұмырын арнаған түрколог ғалым, Халықаралық Қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері ҚҰДАСОВ Сейсенбай Жолайұлымен тілдесудің орайы келгенін айтқан едік. Бұған дейінгі әңгімемізде Гүржістанның қалыптасуына қыпшақтардың ықпалы сөз етілген болатын. – Қыпшақтар оңтүстік Кавказға табан тірегенде гүржілер қауымдасып қалған ел сияқты көрінеді де, армяндар бытыраңқы жұрт тәрізді байқалады. Көшпелілердің армян ...

Read More »

Ұлы қазақтар әзілдейді

Өнер алды қызыл тіл» деп білетін қазақ халқы әзіл арқылы көңіл көтеріп қана қоймай, әшейінде айтыла бермейтін, қоғамға ой салатын пікір білдіретін болған. Халқымыздың ұлы перзенттерінің әзілдері халықтың рухани байлығы ретінде сақталып келеді. Көпшілік ұлы адамдардың әзілдерін жаттап алып елге таратып отырған. Әдебиет зерттеушілері бұл рухани байлықтарды жинап бүгінге жеткізді. Бүкіл ғұмырын Қаратау атырабының ақындарын зерттеуге арнаған ғалым Әсілхан Оспанұлы ...

Read More »

“Қара жорға” биі кімдікі?

Қазақ билерінің бүгінгі таңдағы ең танымалы «Қара жорға». Осы биді тарихи отаны Қазақстанға шет елдерден қайтып келген бауырлар алып келді деген пікір бар. Бұл сөз кезінде біраз әңгіме арқауы болып бір телехабар түгелімен осы биге арналды. Мәдениеттанушы ретінде бұл хабарға мен де қатысып өз пікірімді білдірдім. Егер мұқият зерттелсе бұл бидің қазақ жерінде баяғыдан бар екені нақты дәлелденеді. 1934 жылы ...

Read More »

Атыраудан табылған альбареллоның сыры

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын  толықтырған құнды жәдігерлердің бірі Сарайшық қаласының қазбасынан табылған қыш ыдыс – альбарелло. Қазба жұмысы кезінде (2017ж.) тандыр пештің түтін жүретін арнасынан бүтін күйінде табылған болатын. Қыш ыдыстың тұлғасы цилиндр пішінді, түбі сақиналы тұғырлы келген, айырықша кең мойынды. Ыдыс сарғыш топырақ түстес сырмен сырланған. Сырлы ыдыстың тұлғасы оюлы композициямен көркемделген. Тік тілік сызықтармен сызылған төрт жолақтан ...

Read More »

Нұрғали бақсының қобызы

Қостанай сапарымызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкедегі танымал бақсы болған Нұрғали Күзембаевтың нарқобызын өз көзімізбен көріп, тамашалаған едік. Бұл жәдігердің жақсы сақталуына ұрпақтарының атамұра алдындағы жауапкершілігі себепші болған екен.  Музейдің ғылыми әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Нәзима Қуанышбайқызы айтуынша, бұл нарқобыз қарағаштан, кей бөліктері тобылғыдан жасалған. Алдыңғы бөлігі терімен қапталған, жоғарғы жағында өрнектелген темір қаңылтыры бар. Ортасында – күрең ...

Read More »

Аманкелді Имановтың домбырасы

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Аманкелді Имановтың домбырасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр екен. Жуырда Қостанай қаласына барған сапарымызда жәдігерді өз көзімізбен көруге мүмкіндік туған еді. Аспаптың көркемдігі ерекше. Сүйектермен ою-өрнектер жапсырылып, өте әсем безендірілген. Жәдігер Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1964 ж. 21 тамызда келіп түскен. Музейдің ғылыми әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Нәзима Қуанышбайқызы айтуынша, бұл құнды домбыраның ...

Read More »

Ер Жәнібектің жорық саптаяғы

Қазақтың жауынгерлік тарихына толы XVІІІ ғасырда (Ш.Уәлиханов) Жәнібек Бердәулетұлы дейтін батыр өткен. Батырлық жырларда немесе ел аузында бұл адам «Ер Жәнібек» деген атымен танымал. Атақты Қанжығалы Бөгенбай дүниеден өткенде Үмбетай жырау батырдың қазасын хан Абылайға естірткен толғауында: Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан, Қашпаған қандай ұрыстан Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай – Абылай, ...

Read More »

Суармалы жердің сұрауы жоқ па?

Ауыл экономикасын көтеру мүмкіндігінің ең басты бағыты – суармалы жерлерді пайдалану. Бізде 2 млн 400 мың гектар суармалы жер бар. Соның 40 пайызы осы ширек ғасыр ішінде айналымнан шығып қалды, ол жерден өнім алу мүмкіндігінен айырылдық. Ол жерлер батпақтанды, су жетпей шөлейттенді, азып-тозды. Мысалы, бұрын Шудың суы Мойынқұмға дейін жететін. Ол Аспараның төңірегінен аса бере таусылып қалып жатыр. Біздегі судың ...

Read More »