• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Асыл қазына » Нұрғали бақсының қобызы

    Нұрғали бақсының қобызы

    Қостанай сапарымызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкедегі танымал бақсы болған Нұрғали Күзембаевтың нарқобызын өз көзімізбен көріп, тамашалаған едік. Бұл жәдігердің жақсы сақталуына ұрпақтарының атамұра алдындағы жауапкершілігі себепші болған екен. 

    Музейдің ғылыми әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Нәзима Қуанышбайқызы айтуынша, бұл нарқобыз қарағаштан, кей бөліктері тобылғыдан жасалған. Алдыңғы бөлігі терімен қапталған, жоғарғы жағында өрнектелген темір қаңылтыры бар. Ортасында – күрең қызыл түсті мата. Сабында екі сүйекті жапсырмалары бар.

    Нарқобыз атадан балаға отбасылық мұра ретінде сақталып келген.  Нарқобызбен бақсылық құрған руы ноғайтілеу, 1890 жылы дүниеге келген Нұрғали Күзембаев еді. Ол кісіге нарқобыз ағасынан жеткен, ағасы осы нарқобызбен ұрпақсыз адамдарды емдеген. Нарқобызды 2004 жылы мұражайға Нұрғали Күзембаевтың келіні, Денисов ауданы Шоқыбай кентінің тұрғыны Жаңыл Көшерова тапсырған.


    Арман ӘУБӘКІР, 

    Қостанай, 

    «Адырна» ұлттық порталы

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қазақтың болашағын жақындатқан азамат

    Өткен көктем менің есімде жылыған күнімен, жаңадан туып қаланы жасыл желекке ораған жапырақтарымен қатар Өзбекәлі ...