• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Алаш ұлдары » “Алаштың” мерейтойы биыл да жалғасады

    “Алаштың” мерейтойы биыл да жалғасады

    Ардақты Алаш ізбасарлары, қазіргі Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп белгілеп берген Алаш парламенттік-президенттік автономиясының мерейтойы 2017 жылмен аяқталмайды, жаңа 2018 жылы әрі қарай жалғасады. Атап айтқанда:
    1) Алаш Автономиясының жоғарғы мемлекеттік атқарушы билігі – Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) 1918 жылдың қаңтар айында Орынбордан Алаш қаласына (бұрынғы Заречная Слободка, қазіргі Семей) қоныс аударып орналасуына – 100 жыл;
    2) Алаш Автономиясын ресми түрде жариялауына 100 жыл (1918 жылдың наурыз айы). Кеңес үкіметінің ұсынысына Алаш Орданың қайтарған жауабынан:
    «Мы, члены Алаш-Орды, … постановили признать Советское правительство – Центральным правительством, и сообщаем, что на основании постановления Всеказахского съезда, состоявшегося 5-13 декабря 1917 года в Оренбурге, немедленно провозглашаем Алашскую автономию, и будем вводить постановления вышеуказанного съезда…» (АП РК: Ф. 811, оп. 23, д. 193, лл. 52-54.).
    3) Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) ресми түрде іске кіріскен күніне – 100 жыл (1918 жылдың маусымы);
    4) Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) алғашқы заңнамалық қаулыларын қабылдағанына – 100 жыл (1918 жылдың 24 (11) маусымы);
    5) Алаш Орда Бүкілқазақ Кеңесінің (үкіметінің) құрамында қорғаныс министрлігінің құзыры мен міндеттері жүктелген әскери бөлім құрылған күніне, яғни Алаш армиясының ресми құрылған күніне – 100 жыл (1918 жылдың маусымы);
    6) 2018 жылдың 2 ақпанында тұңғыш жалпыұлттық басылым – «Қазақ» газетінің бірінші санының жарыққа шығуына 105 жыл толды;
    7) наурыз айында – алғашқы қазақ коммунисі, бәлшебек Әліби (Әли, Николай, Әли-бей) Жалғабайұлы – Степнов – Жангелдиннің редакцияны талқандап, «Қазақты» жапқанына – 100 жыл толады.


    Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ, Гумилев атындағы

    ЕҰУ-дің жанындағы Алаш ғылыми-зерттеу институтының директоры

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Зұлмат жылдар қасіреті” атты дөңгелек үстел өтті

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ...