Home » Айдарлар » Алаш ұлдары

Алаш ұлдары

 ҚЫР БАЛАСЫ АУДАРҒАН ЖЕТПІС ЖЕТІ МЫСАЛ

Ойы жетім, бойы жетім, Уа, Әли! Ел ағасы, Қыр баласы, Уа, пәлі!             Мағжан [1. 63 б.]   ХХ ғасырдың басындағы қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жердің болашағын, тілінің талқыға түскен тағдырын, сана мен дәстүрдің тұтастығын сақтау үшін қалың елдің жауапкершілігін мойынына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тұлғаларымыздың бірегейі – Әлихан Бөкейхан. “Жұрт үшін түс көрмей, ояу жүріп ізденген”, қалың ...

Read More »

Қазақ ғылыми ойының алыбы

Қ. И. Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толуына орай   Көрнекті ғалым, қоғамдық қайраткер Қаныш Сәтпаев еліміздің ғылымының тарихында құрметті орын иеленеді. Ол қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы, Шығыс халықтары ғалымдары арасынан ғылым мен техника саласы бойынша КСРО Ғылым академиясының тұғыш академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Ленин сыйлығының алғашқы лауреаты болды. Оның өмірі — ғылымға, туған халқына қызмет етудің жарқын үлгісі. ...

Read More »

“ов”-ты орысқа қайырып, таза тілді қолдану керек

НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛҰЛЫ: Біздің қазақ хат жазып қол қойса, кісі атын жазса орысшалап кетеді: “Жаманбай Аманбайов” деп жазады. Жаманбай хат жазып, қол қойса, өзі де Аманбайов деп қол қояды. Бұл Иван Ивановичтің тәржімасы. Бұл бізге орысқа қараған соң жұққан мінездің ноғай қотыры. Біздің түрікі тілінің салты, заңы осы: бұрынғы атақты билер бізге белгілі өздерінің ғана аттарымен: Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, ...

Read More »

Сәкен Сейфулиннің мінезі, қылығы туралы

Сәкен (Сейфуллин) өсек айтуды білмейтін кісі еді. Оның біреуді біреуге шағыстырғанын немесе біреуді сыртынан кінәлағанын естіген де, көрген де кісі жоқ. Не айтқысы келсе де ол бетіне айтатын. Көлгірсу, жалпақтау дегенді білмейтін. Өсекшінің мінін тура бетіне басатын… Бір көрме кісіге Сәкен тәкаппар сияқтанатын еді. Кейбіреуге сөйтетіні рас та болатын. Үлкенсуді ол қатты ұнатпайтын. Егер біреуден ондай мінез сезсе, я ұнатпайтын ...

Read More »

Серік ЕЛІКБАЙ. Бозторғай ғұмыр

Сәбит Дөнентаев және оның заманы «Бұл заман байқағанға күштінікі…» (Сәбит) Сәбит өмір сүрген кез (1894 – 1933) қазақ тарихындағы аса ауыр уақыт болатын, бұл қазақ елінің ес жинап етек жабуға тырысқан кезі еді, бірақ тарих көші мүлдем өзгеше сипатта, жат бейнеде пішін алып, жұрт жалауы жығылып, ер бүгіліп, ту құлады. Ал Сәбит осы кезеңде тіршілік кешіп, өмірдің «бар уын» қоғаммен ...

Read More »

Сайлау Байбосын. КҮЛЕНОВТЕР ӘУЛЕТІ

Ертіс-Баянаула жерінде өмірге келіп, өз заманында ұлт зиялысы ретінде танымал болған талай тұлғалардың  аты-жөндері жыл өткен сайын, жадымыздан өшіп барады. Сондай адамдардың қатарында ағайынды Сәлемхат және Айнамхат Күленовтерді атар едік. Өткен ғасырда талай жақсының жолын кескен 37-38-дің  зұлматынан бұл екі адам да сау қалмаған. Күленовтердің шыққан тегін айтар болсақ, Баянауылды жайлаған қалың Сүйіндіктің Құлболды Ақбура атасынан тарайды. Сәлемхаттың әкесі Күлен, ...

Read More »

ЗИЯЛЫ

Туған ай – тураған ет… Көңіл сенбайді… Атырау мен Алтайдың, Арқа мен Алатаудың арасындағы сан сапарларда өзінің сырбаз да сымбатты болмысымен көшімізді бастап, ағалық жолынан айнымай жүретін Жұмағаң дүниеден өтті дегенге көңіл сенбейді… Ай аунап, жыл да жетіпті. «Журналистика» дейтін көрінгенге жалынан сипата бермес сұрапыл әлемнің бүгінгідей әлемжеліге «жем болмай», сүйкімі қашпай тұрған кездері қоғамдық пікірге ақ жағалыларды жалт қаратып, ...

Read More »

БІРТҰТАС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘШЕНЕВ

«Егер, қазақ біреудің алдында борыштар болса,  ол алдымен Ж.А.Тәшеневтің алдында борыштар» Қазақ КСР КПОК-нің бұрынғы  1-ші хатшысы И.Юсупов Бүгінгі еліміздің ұн экспорттаудан бірінші, ал астық экспорттаудан алдыңғы бестіктің қатарына кіруіне негіз болған, жарты ғасырдан артық тарихы бар «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жобасының 1954-ші жылы басталғаны белгілі. Қазақ жерінің құнарлы топырағынан астық өндіру патша өкіметінің кезінде-ақ жоспарланған. Осы мәселеге қызыл ...

Read More »

Хасен Қожа-Ахмет – 70 жаста

Биылғы жылдың тамыз айында –  Қазақ халқының ұлт-азаттығы, мемлекеттік тәуелсіздігі үшін күресіп 1970-1990 жылдар аралығында үш мәрте бас бостандығынан айырылған белгілі саяси қайраткер, композитор, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, тарих, музыка, филология зерттеушісі, профессор, «Желтоқсан», «Азат» ұлттық қоғамдық ұйымларының басшысы Қожа-Ахмет Хасен Кәрімжанұлы (Қожа-Түрк) 70 жасқа келеді. Оның есімі 1977 жылы Хельсинкидегі Дүниежүзілік саяси тұтқындар тізіміне жазылып, шетелдерде де белгілі болған ...

Read More »