• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Желтоқсан жаңғырығы

    Желтоқсан жаңғырығы

      28 қараша күні Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында 1986 жылы орын алған Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Аманғазы Кәріпжанұлы және  Анар Рахымжановамен кездесу өтті.

    Кітапхана ұжымы бұл кездесуге алдын-ала деректі фильм көрсетуді жоспарлаған екен. Жиналған оқушылар мен қонақтар осы фильмді көрді. Деректі фильмде Алматыдағы басты алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі мен оларға қарсы шыққан мұздай қаруланған әскерлер шыққанын көру кімге болсада оңайға соққан жоқ.

    Тарихи кадрлерге көзтігіп отырған ұлдар мен қыздар сол бір арлы да суығы қатты ызғары желтоқсан  кезінде әлі дүиеге келмеген еді. Олардың жанарларында бұндай болуы мүмкін бе, деген сұрақ көрінгендей еді.

    Кезек қонақтарға келді. Бірінші сөз алған Анар Рахымжанова бірден сөйлемей, алдында отырған жас балаларға қарады. Ол сол кезде өзінің балалық шағын еске түсірген болуы керек. Бойын жинап алған Желтоқсан көтерілісінің батыры іркілмей сол кездегі болған жағдайды еш бүкпесіз айтып берді. Қатар құрбыларын әскерлердің ұрып-соққанын, «сендер бала таппайсыңдар» деп жекіп іштерінен тепкенін, шашынан сүйрелегінен, бір құрбысының жағын сындырғанын, бәрін-бәрін ашық баяндап берді. Бұндай жан түршігерлік ашық әңгіме кімнің де болса есінде қатты сақталып қалары анық. Анарды ұстап алып КГБ ғимаратына апарып қылмыскер ретінде суретке түсірген. Ұзақ уақыт тергеуге алған.

    Біршама уақытан соң Анарды босатқан. Сонда тергеушілердің бірі ұлты ұйғыр жігіт жәй ғана: «Қарындасым жолға ақшаң бар ма?” Деп сұрапты. Содан соң қолына ақша ұстатыпты. Мемлекеттің жазалау жүйесінде істейтін сол тергеуші ұлты ұйғыр жігітінің қазақ қызына туысқандық, бауырмалдық жасағанын Анар ешқашан ұмытқан емес.

    Жазалаушылар Анарды тұтқындаған кезі суретке түскен. Кітапханашылар сол суретті экранға үлкейтіп көрсетті. Залда отырғандар жазалаушылар екі жағынан қоршап бара жатқан жап-жас қазақ қызының алдарында отырған Анар апасы екеніне сене алмағандай. Бірақ бұл сол кезгі сұм заманның шындығы еді.

    Анар жұмыстан шығарылуы тиіс болатын. Бірақ басшысы украин азаматы Анарды аман алып қалыпты. Міне, бұл сол авторитарлы биліктің саясаты жүріп тұрған кезде, жүйелі түрде ойлайтын өз басын қатерге тіккен ары таза адамның ісі еді.

    Екінші болып желтоқсаншы, ақын Аманғазы естелік айтты. Оның да әңгімесі сол кездегі алаңда бейбіт шеруге шыққан жастарға қарумен шабуыл жасалған кезді баяндады. Өзінің көзімен көргенін сол қалпындай айтып берді. Желтоқсан оқиғасына байланысты шығарған кітаптарын көрсетіп, өзінің өлеңдерін оқыды.

    Өз кезегінде жастар қонақтарға көптеген сұрақтар қойды. Қонақтарға бұл сұрақтарға жауап беру оңай болған жоқ. Кездесу соңында кітапхана ұжымы Жетоқсан көтерілісінің батырларына сыйлықтар ұсынды. Кездесуге қатысқандар қонақтармен бірге суретке түсті.

    “Адырна” порталы

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қазақстан – Ұлы дала мұрагері

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» ...