• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Жайықтың үздік жастары анықталды

    Жайықтың үздік жастары анықталды

    21 қараша күні Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Қоғамдық даму министрлігің қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі жүзеге асырған Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған JasQZ жобасын қортындылау бойынша салтанатты шара  өтті.

             Салтанатты іс-шара Батыс Қазақстан облыстық филармониясына қарасты оркестрдің күйімен ашылды.

            JasQZ жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің таңдауым» байқауы 6 бағыттан тұрды. Онда Батыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орны студенттері 6 бағыттың бірін таңдап, өзара бәсекеге түсті.

    «Ұлттық құндылық» бағыты бойынша үздіктердің салт-дәстүр бойынша біліктілігі ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Жас этнограф» аталымымен БҚО, Ақжайық ауданы, Есенсай ОЖББМ оқушысы Гадилжанова Гулназ және Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Шәріпова Бибінұр марапатталды.

    «Әскери-патриоттық» бағыт бойынша үздіктер «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті қайтсе бекем болады?» атты тақырыпта эссе жазу арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен әскери-патриоттық «Жас ұлан» аталымымен Орал қаласының №36 ЖОБМ оқушысы Махутова Дильназ және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Сансызбаев Райымжан марапатталды.

    «Зияткерлік» бағыт бойынша үздіктер математика сабағы бойынша сынақ тапсыру арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен аталымымен Орал қаласының №43 ЖОБМ оқушысы Жумаситов Санжар және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Латифов Санжар марапатталды.

       «Шығармашылық» бағыт бойынша үздіктер ұлттық аспаптарда өнер көрсету арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Үздік өнерпаз» аталымымен Орал қаласының №46 ЖОБМ Қадырғалиева Мадина  және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Джумагалиева Алтын марапатталды.

    «Әлеуметтік белсенділік» бағыты бойынша үздіктер қоғамның дамуына тегін еңбек еткенін дәлелдейтін құжаттарын (диплом, алғыс хат, фото-видео айғақтар ж.т.б.) ұсыну арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Үздік ерікті» аталымымен БҚО, Ақжайық ауданы, Бітік мектеп балабақша оқушысы Сарсенгазиева Гулайназ және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті Губашев Арген марапатталды.

    «Спорттық» бағыт бойынша үздіктер қашықтыққа жүгіру, кермеге (турник) тартылу жарыстары арқылы анықталды. Қазылардың шешімімен «Үздік спортшы» аталымымен Орал қаласының №6 ЖОБМ оқушысы Утепкалиев Нұржан және Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының студенті Бекежан Нұрлыхан марапатталды.

    JasQZ жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің таңдауым» байқауының жеңімпаздарын елімізге белгілі Әміржан Қосанов, Расул Жұмалы сынды қоғам қайраткерлері табыстады.

    Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған JasQZ жобасын қортындылау бойынша салтанатты шара барысында, сондай-ақ, осы шараның жүзеге асыруға белсенді ат салысқан маман, қызметкерлер де марапаталды.

    JasQZ жобасын қортынды шарасына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары  Оралова Гүлнар Әлімжанқызы арнайы келіп қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

     

    Айта кету керек, 19 қараша күні JasQZ жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында Алаш музейі мен Алаш аллеясында жергілікті оқушылармен экспедиция ұйымдастырды. Алаш музейінде балалар Алаш арыстарының шығармаларын жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Жүрегі қазақ деп соғатын жалынды жастардың өсіп келе жатқаны бізді өте қатты қуантады.

    20 қараша күні Орал қаласындағы «Атамекен» ойын-сауы орталығында қаланың үздік шыққан жастарын салтанатты түрде марапаттап, олардың арасында да арқан тарту, асық ойнау, қол күрестіру тәрізді ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Ұлттық ойын түрлерінен өткен жарыстың жеңімпаздары қолөнершідер жасаған ұлттық бұйымдар сыйға тартылды. Одан кейін сол күні балалар қала сыртындағы «Саят» этно-туристік орталығында апарылды. Онда олар ата-баба жылқы малы туралы атбегілер әңгімелердің әңгімесін тыңдады, орталыққа экскурция жасады, ең соңында барлығы да бір атқа мініп үйренді. Қала балалары үшін атқа міну өте үлкен қуаныш болды. Көңілі көтеріліп, бір сергіп қалған балалар автобустың ішінде патриоттық әндер айтып қалаға өте көңілді оралды.

     

    Жалпы, жобаның үздік шыққан жүздіктеріне арнайы тіктірілген күрешелер, куәліктер, төсбелгілер таратылды. Сонымен бірге, оларға мәдениеттанушы, этнограф Бердалы Оспанның «Қазақ салттарының інжу-маржандары» атты кітап сыйға тартылды.

     

    JasQZ жобасы – жастардың бойындағы жақсы қабелеттерді ашатын, патроиттық сезімді оятатын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағыттайтын, оларды тұлға ретінде қалыптастыратын өте қажетті әлеуметтік жоба. Бұл жоба елдік мүдде тұрғысынан әрмен қарай жалғасын табуы керек деп есептейміз.

    Арман СЕРІКҰЛЫ,

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қазақстан – Ұлы дала мұрагері

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» ...