• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Сайxында өткен семинар

    Сайxында өткен семинар

    Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданының Сайхын елді-мекенінің С.Бабажанов атындағы мектебінде жастарды әлеуметтік дамыту жобасы бойынша семинар-тренинг өтті. Ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, мектеп және колледж ұстаздары, жалпы 30-дан астам адам қатысты. 
    Атаулы шара өткен мектептің ұстаздары жобаға өте қатты қызығушылық танытып, балаларын 6 бағыт бойынша өтетін байқауға қатыстыруға уәде етті.

    Бөкейорда ауданы облыстың ең шалғай жатқан аудандарының бірі. Дегенмен, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі осы ауданға тіке баратын сапалы күре жол салып жатқаны бір қуантып тастады. Өйткені жауын-шашында шалғай аудандардың бір-бірімен қатынауы қиынға соғады екен.
    Семинар-тренинг барысында жобаның мақсаты, нысанасы, жүзеге асырылу тәсілдері туралы дәріс тыңдаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Айсағалиева Жанаргүл Сердегалиевна Бөкейорда ауданы бойынша жобаны жүзеге асыруға жауапты маман болып бекітілді.


    Бұл жоба “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының” қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын атап айтқан жөн.

    Арман СЕРІКҰЛЫ,

    “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Естай Беркімбайұлының шығармашылығына арналған ән кешіне шақырамыз!

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасымен бірлесіп 2018 жылғы ...