• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Ұлт-азаттық көтеріліс ұлықталды

    Ұлт-азаттық көтеріліс ұлықталды

     

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, филология және журналистика факультеттері мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры бірлесіп 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына орай «Азаттық. Бірлік. Жасампаздық – тәуелсіз елдің мұраты» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді.

    Шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы жүргізіп отырды. «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске жаңаша көзқарас» тақырыбында ең алғаш баяндама жасаған тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков Ұлт-азаттық көтерілістерге жалпы сипаттама беріп, Кеңестік және кейінгі кездегі қазақ ғалымдарының 1916 жылғы көтерілістерге байланысты көзқарастары туралы деректер айтты. Келесі кезекте Сағатбек Медеубекұлы жазалаушылардың халықты аяусыз жолмен жан түршігерлік басып-жаңшуларын «Қарқара көтерілісінің тарихи тағылымдары» тақырыбындағы баяндамасында дәлелді дәйектермен баяндады. Одан кейін сөз алған тарих ғылымының докторы, профессор Тұрғанжан Төлебаев «Қырғынтекше оқиғасы – Ұлт-азаттықтың қырғынға ұласқанының айғағы» атты тақырыпта әңгіме қозғады. Гүлжауһар Көкебаева «Шығыс Қазақстан өңіріндегі Ұлт-азаттық көтерілістер ошағы» атты тақырыпта әңгіме қозғап, осыған байланысты өзекте мәселелерді ортаға салды. Өнертану ғылымының кандидаты, профессор Тоққожа Қожағұлов «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске арналған бейнелеу өнері туындылары» атты тың тақырыпта баяндама жасады. Шоқан Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Рашид Оразов «Тарихты танытатын мұрағат құжаттары» атты баяндамасы көптің көңілінен шықты. Онда ол нақты мұрағат деректеріне сүйене отырып көптеген мәселелердің сырын ашуға тырысты. Дөңгелек үстелдің соңында филология ғылымының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, ақын, белгілі журналист Жанарбек Әшімжан және тағы басқалар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.


    Арман СЕРІКҰЛЫ

     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өтті

    Қазақтың спорт және туризм академиясында студенттер арасында қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир ...