• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » JasQZ жобасының салтанатты марапаттау рәсіміне шақырамыз!

    JasQZ жобасының салтанатты марапаттау рәсіміне шақырамыз!

    21 қараша күні, сағат 15:00-де Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Қоғамдық даму министрлігің қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі жүзеге асырған Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған JasQZ жобасын қортындылау  бойынша салтанатты шара  өтеді.   

    JasQZ жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің таңдауым» байқауы 6 бағыттан тұрды. Онда Батыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орны студенттері 6 бағыттың бірін таңдап, өзара бәсекеге түсті.

    «Ұлттық құндылық» бағыты бойынша үздіктер салт-дәстүр бойынша біліктілігі ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы анықталды.

    «Әскери-патриоттық» бағыт бойынша үздіктер «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті қайтсе бекем болады?» атты тақырыпта эссе жазу арқылы анықталды.

    «Зияткерлік» бағыт бойынша үздіктер математика сабағы бойынша сынақ тапсыру арқылы анықталды.

    «Шығармашылық» бағыт бойынша үздіктер ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз ж.т.б.) өнер көрсету арқылы анықталды.

    «Әлеуметтік белсенділік» бағыты бойынша үздіктер қоғамның дамуына тегін еңбек еткенін дәлелдейтін құжаттарын (диплом, алғыс хат, фото-видео айғақтар ж.т.б.) ұсыну арқылы анықталды.

    «Спорттық» бағыт бойынша үздіктер қашықтыққа жүгіру, кермеге (турник) тартылу жарыстары арқылы анықталды.

    Салтанатты шара барысында «Менің таңдауым» байқауының үздіктері марапатталып, сыйлықтар табысталады.

    Салтанатты марапаттау рәсімі аясында жастарға тарихи орындарға экскурсия, ұлттық ойын, танымдық сұрақ-жауап, мақал-мәтел айту жарысы ұйымдастырылады.

    Толығырақ мағлұмат алу үшін төмендегі байланыс телефон нөмірлеріне немесе электронды почтаға хабарласуыңызға болады: 

    87075700407

    aisaule.72@mail.ru

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Қазақстан – Ұлы дала мұрагері

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» ...