• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Ерлік иелерімен кездесу

    Ерлік иелерімен кездесу

    Алматы қаласындағы Жазушылар кітапханасында Конституция күні қарсаңында «Адырна» бірлестігінің Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы қолдауымен «Азаматтың борыш» жобасы аясында есте қаларлық кездесу өтті.  Ауған соғысы ардагерлері кітапхана оқырмандарына қонаққа келіп өз өмірінде көрген-түйгенімен бөлісті. Өмір жолын енді бастап келе жатқан жас ұрпаққа бұндай әңгіме бөлісулер өте керек. Осы жобаны іске асырушы бірлестік басшысы Арман Әубәкір, жобаның жетекшісі Дос Сымағұл, бірлестік басшысының орынбасары Бейбіт Нәлібаев және басқалардың жұмысы еш кеткен жоқ.

    Көпшіліктің алдына шыққан Көшербаев Серік, Башихтенов Нұрлан және Бақытжан Мулинов өздерінің бастарынан кешкенін айтып, еліміздегі қазіргі және әлемдегі жағдай турасында да пікірлерін білдірді.

    Полковник Н.Бахиштенов қазақ халқының жауынгерлік қабылеті туралы айта келіп әсіресе қыз-келіншектер ерлігіне тоқталды. Қазақ қыздарының байырғы заманнан еркін өскенін айта келіп, қазіргі кейбір жастардың теріс діни ағымдарға еріп бет-аузын тұмшалап алатынын сынады. Діннің киімге еш қатысы жоқ екенін алға тартты. Жастар ең алдымен қазақ тарихын, салттарын біліп, өздері таңдаған мамандықтың үдесінен шығуы керек екенін ескертті. Бүгінгі таңда деді ол, кейбір белгісіз күштер жастардың әлі көп нәрселерді түсінбетіндігін пайдалануда. Біздің халқымыз қыздарының бетін жаппаған. Сондықтан да олардың арасынан көптеген батырлар шыққан. Ал қара киім кийіп тек көздері көрініп тұратын жамылғы жамылып алғандар қалайша еркін бола алады деді құрметті қонақ.

    Көшербаев С. Ауған соғысында тікұшақтың басшысы болған жалғыз қазақ екені жиналған жұртшылықты таң  қалдырды. Ол А.Розенбаумның өзіне арнап «Қара қызғалдақ» деген ән шығару оқиғасын қызғылықты баяндап берді. Ауған соғысы ардагері басқарған тікұшақты сол көпшілік кезде «Қара қызғалдақ» атаған екен.

    Б.Мулинов өз кезегінде өзінің басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Жүк тиелген машиналар легін дұшмандар тоқтатқанда жалғыз өзі қарсы шығып ауғандықтарды кері қайтарғаны, оқшантайдағы оқтары таусылып қалса да саспай машинасына оралып жаңа оқшантайлар алғаны. Содан соң жауларға қарсы қайта бір өзі шыққаны. Оның осы ерлігіне орыс және басқа ұлт өкілдері таң қалғанын. Қазақтардың бұндай батыр екенін бұрын білмейтін едік деп айтқанын әңгімеледі.

    Төртінші қонақ Желтоқсан қозғалысына қатысқан Аманғазы Кәріпжанұлы 1986 жылғы оқиғаларды еске түсірді. Сол қанды кезеңге арналған әнді орындап берді.

    Жастар да өз кезегінде ағаларға деген құрметін ән және билерімен білдірді. Әсіресе атақты әнші Еркін Шүкіманның шәкірті Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Біржан әншінің орындауындағы қазақтың әндері жианлған көпшіліктің көңілдерін Алатаудай биікке көтерді. Ауған соғысы ардагерлері жастардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

    Өз кезегінде «Адырна» ұлттық бірлестігінің басшысы Арман Әубәкір ағалардың ерлікке тола өмір жолына, қазіргі кездегі саяси ушығып тұрған мәселелер  туралы өз ойын білдірді. Кітапхана басшысы жиынды қорытындылап қонақтарға алғысын білдірді.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Азат рухтың алдаспандары

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық ...