• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Алғашқы шара Ақжайықта өтті

    Алғашқы шара Ақжайықта өтті

    Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаев ауылында М.Әуезов атындағы орта мектепте «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет» (Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпыұлттық жобаның II кезеңі)» жобасы бойынша алғашқы семинар өтті.

    Жастар ресурстық орталығы, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, мектеп ұстаздары қатысқан шара 43 адаммен қамтылды. Семинар барысында жобаның мақсаты, нысанасы, жүзеге асырылу тәсілдері туралы дәріс тыңдаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. 

    Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Әлия Қабдоллақызы Сапарғалиева Ақжайық ауданы бойынша Жобаны жүзеге асыруға жауапты маман болып бекітілді.
    Бұл жоба ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының” тапсырысы аясында “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылып жатқандығын естеріңізге сала кеткіміз келеді.

    Арман СЕРІКҰЛЫ, 

    “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Жайықтың үздік жастары анықталды

    21 қараша күні Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ...