• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өтті

    Қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өтті

    Қазақтың спорт және туризм академиясында студенттер арасында қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өтті.

    Желтоқсан оқиғасының қаһарманын еске алуға арналған турнирге Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

    Жарыстың ашылу салтанаты Ербол Сыпатаевты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Одан соң желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс, есімтанушы Бердалы Оспан, академияның проректоры Мұхтар Есқараев және «Адырна» этнографиялық бірлестігінің төрағасы Арман Әубәкірлер боздақтардың өмірінен сыр шертіп, солардың арқалаған аманатын жастарға үлгі етіп, елінің патриоты болуға шақырды.

    Тартысты өткен бәсекелерде бірінші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Қ.Орынбасар , екінші және үшінші орындарды Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері М.Бердіғали мен А.Оңалбай алды.

    Жарыс соңында жүлдегерлер сыйлықтармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

    Жасұлан Наурызәлі,

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Зұлмат жылдар қасіреті

    Бүгін Бегалин кітапханасында Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ...