• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Ақжардағы ақжарқын кездесу

    Ақжардағы ақжарқын кездесу

    Ақжар шекара бекетінде 10 тамыз күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қолға алынған «Азаматтық борыш» жобасы аясында Болат Құрамысов, Қайырбек Аманқос сынды Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Ардагерлер: «Ауған соғысы жылдары Кеңес үкіметінің дұрыс шешім қабылдауының натижесінде мыңдаған жас сарбаз туған жеріне оралып, бейбіт еңбекке  араласты. Сол бақытты жандардың бірі – өздеріңізсіздер. Бұл қанды соғыста мына отырған сіздер, ата-бабаларымыздың рухын асқақтаттыңыздар» – деп бастады әгіменің әлхиссасын. 9 жыл 10 айға созылған  соғысқа Қазақстаннан 22000 адам қатысты. Оның 780-і құрбан болды және біразы із-түссіз жоғалды.

    Болат Құрамысов, Ауған соғысы ардагері: Соғыстың үлкен  — кішісі болмайды. Әр соғыстың өз қасіреті бар.  Ауған соғысына келетін болсақ, бұл соғыстың зардабы сол кезде  көптеген шаңырақты шайқалтты. Өндірдей жастар оққа ұшып темір табытпен оралды. Бүгінгі таңдағы еліміздің өскенін, қарыштап  дамығанын көре алмады. Ал айналайындар, отпен оқтың ортасынан аман-сау келген  сендерге тек жақсылық пен сәттілік тілеймін! – деді.

    Осылайша, жастардың сауалына жауап беріп, емен-жарқын әңгіме өрбіткен ардагерлердің бүгінде саны кеміп, ортамыздан азайып барады. Ел болып қадірлеп, келер 30 жылдықты ыждағаттылықпен күтіп алуға тиіспіз.

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өтті

    Қазақтың спорт және туризм академиясында студенттер арасында қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир ...