• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Ақсай ұстаздарына жастарды әлеуметтендіру жобасы түсіндірілді

    Ақсай ұстаздарына жастарды әлеуметтендіру жобасы түсіндірілді

    Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы нөмірі 4-ші жалпы білім беретін орта мектепте “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының” жастарды әлеуметтік дамыту бойынша жобасының мазмұнын насиxаттау, жоба аясындағы байқаудың ережелерін таныстыру, жас толқынды әлеуметтендіру туралы түсінік қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда Бөрілі ауданы білім бөлімі мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, белсенді жастар қатысты.
    Жобаны жүзеге асырушы “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қызметкерлері балалардың бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру әдіс-тәсілдері жайында пайдалы кеңестерімен бөлісті.
    Шара соңында ұйымдастыру ісіне ат салысқандарға алғыс xаттар беріліп, дәріске қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    “Адырна” ұлттық порталы 

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өтті

    Қазақтың спорт және туризм академиясында студенттер арасында қазақ күресінен Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир ...