Home » Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны (page 4)

Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны

Өзгені емес, алдымен өзіңді біл

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» АТТЫ БАЙҚАУҒА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   Ілияс Есенберлиннің « Көшпенділерінде» Абылай ханның түс көруі туралы аңыз айтылады. Аңыз мынандай еді: түсінде Абылай арыстан қуады. Енді жеттім бе деп сойылын сілтей бергенде, арыстан жолбарысқа айналып қашады. Қуып жетсе, онысы қасқырға, қасқыр – түлкіге, түлкісі – қоянға айналып қашып, діңкесін әбден құртады. Ақырында оның қуған аңы құрт-құмырысқаға ...

Read More »

Қазақы таныммен түс жорыта білеміз бе?

Адам ата Хауа ананы ең алдымен түсінде көрген дейді. Алла тағала Адамды ұйықтатып, сол уақытта Хауа ананы жаратып, оның бас жағына отырғызып қойыпты. Адам ата оянғанда, Алла тағала одан бас жағында отырғанның кім екенін сұрапты. Адам ата: «Иә, Құдай, бұл Сен түсімде көрсеткен елес қой» депті. Бұл адамзаттың көрген алғашқы түсі екен. Бүгінгі таңда түс жоруға арналған орыс және қазақ ...

Read More »

Ұлт мінезі-ұрпақтан

Қайырбек департаменттің қабылдауына жазылғалы көп болды. Кіріп-шығып жатқандардың жүзіне, жүріс-тұрысына қарап отыр. Қабылдауға кіргендердің көпшілігі әлдебір жақсы кәсіптің тұтқасын ұстайтындарға ұқсайды. Көңілдері тоқ адамдар. Қасында кешеден жүрген өзі сияқты екі-үш кісі ғана бар екенін байқады. Қабылдауды ұйымдастырып жүрген қасы-көзі сүрмеленген аппақ қыз, әлде келіншек пе, шолақ көйлектінің ызасы өтіп болды. Өзі әдейі істейтіндей столға әлде бір қағазды қараған боп, еңкейіп-тоңқайғанда ...

Read More »

Тәуелсіздік тұғыры – тектілік қасиет (лингвоаксиологиялық аспект)

  «Текті адам тез ашылады. Сені түлкі бұлаңға салып,   бұлыңғырмен бумайды, теріскейі мен күнгейін, еңісі мен асуын, әп-сәтте жайып салады. Ондай адамның жанарына жарты әлем сиятын жылқы боп жәудірегеніңнің өзі  жеткілікті. Сол, жанардың, ақ-қарасына жасанды  жылтыл қоспағаныңның өзі жеткілікті»   Асқар СҮЛЕЙМЕНОВ   XXI ғасырдың жедел де өзгермелі, тұрақсыз сипаты әрбір ұлттың даму жолында өзіндік қиын да күрделі мәселерді туындатып ...

Read More »

Мансап

Жоғары мансап, қомақты табыс, жылы орын, қызметтік көлік Алмастың көңілін аспандатты. Ендігі міндет – сенім үдесінен шығу. Жауапты қызметті мойнына алысымен жоғары жақтың тапсырмасын бұлжытпай орындауға білім-білігін салды. Қызметкерлердің тәжірибесін шыңдау үшін мамандарды арнайы курстарға жіберіп, мекеменің іс-жүргізудегі кем-кетігін орнына келтірді. Құжаттарды жедел рәсімдеп, ақпаратты толыққанды, түсінікті жазуды үйретті. Сала бойынша жаңа бастамалар көтеріп, әріптестерінің алдында іскерлігімен таныла бастады. Ұжымдағы ...

Read More »

Соқыр сенім – апиын

Шын мәнінде, пайда болған кезінен бастап бүгінге дейін өзінің тылсым сырын жан баласына ашпаған, ғылыми түрде тереңдеп танып, түбіне жетуге мүмкіндік бермеген жалғыз нысан болса, ол – дін саласы шығар. Қазіргідей араб тілін шала-шарпы білетіндер дінтанушыға айналған заманда мен де оған көзді жұмып қойып кетуден аулақпын. Десек те, үнсіз қалуға болмайтын ахуал қоғамда туындап отырғандықтан публицист ретінде еріксіз ауыз ашуға ...

Read More »