• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Дәстүр мен дін » Қазақ халқының дәстүрі дінмен сабақтастықта

    Қазақ халқының дәстүрі дінмен сабақтастықта

    Әр  халықтың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Сол құндылықтарын ерекшелендіріп тұратын тілі, діні, ділі және дәстүрі. Дәстүр кез-келген халықтың ежелден қалыптасқан мәдени шаруашылық тәсілі, өмір тіршілігін айқындап,бәрі белгілі бір дәрежеде орныққан жүйесінің барлығын көрсетеді. Дәстүр – халықтың өмір сүру тәжірбиесінің жиынтығы. Халықтың соның бірі әрі бірегейі-ұлттың шабытының шырқау биіктігіне шыққанда көрінетін жыраулық дәстүрі,одан жыр болып төгіліп жатқан жасампаздығын көрсетуімен дүйім елді кесек іске жұмылдырып ұлы харекеттерге іс-қимылдарға бастап,елдің тарих-мәдени жолында ұлттық санасында сақталып киелі ұстанымдарды анықтайды.

    Дәстүр -дауалы жол, дәстүрден жаңылу-жолдан таю. Небір ұлы іс-әркеттерді стратегиялық маңызды жорықтарды ұйымдастыратын елдікті сақтап, жерді қорғауда ата-баба дәстүрінің орны ерекше,өздерінен әлде қайда көп дұшпандырын дүрліктіріп олардан басым түсіп отыруының себебі, санының көптігінен емес,ата-баба дәстүріне адалдығынан,кісілік сананың биіктігінен екенін тарихтан жақсы біліеміз. Ал қазақ халқының рухының куаттылығы құдайға деген сенімде. Құдайға деген сенімді ынталандыратын құбылыс- дін. Қазақ ұлтының табиғи болмысына тән рухани басымдылық деңгейде қалыптасқан тіршіліктің өзегі дін деп түсінеміз. Діни сана негізінде қалыптасқан әдет-ғұрып, жөн-жоралғылар салт-дәстүрмен тікелей байланыста.

    Дәстүрдің діндегі орны ерекше. Қазақ халқының дүниетанымымен сабақтасып жатқан салт-дәстүрлері ислам дінінің қазақ даласына енуімен кіріп, өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында ислам діні халықтың ділімен біте қайнасып ұлттық болмысының өзегіне айналды. Осыған сай ислам шариғаты дұрыс жолды таңдауымен ізгі мұраттарды бекітіп, жағымсыз мінез-құлықтардан арылтып кісілік қадір-қасиетті нығайтты. Сондықтан мұсылман халқындағы дәстүрлерді елеп-екшейтін басты безбен  шариғат болып саналады.

    Халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар ислам заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастауларының бірі болып саналады.Алла Тағала құранда: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал»,-деп бұйырғанˡ. Осы себепті дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып саналады. Ел басымыздың бір сөзінде «Адамның санасында діні және ұлттық сезімдері әрдайым тығыз астасып жатады»деген. Расында да, санада сақталған салт-дәстүрдің орны еркше.Тағы бір түсінгеніміз дәстүр мен мәдениет діннің ықпалымен өркендеп өзіндік дамуына діннің ықпалы мол екенін түсіндіреді.

    Салт-дәстүр құран мен сүннет мәтінінде, құпталған  шариғатпен бекітіліп қойған үкімдерге қарсы келмеуі тиіс имам Сархасидің «Құран мен сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды»деген тұжырымы жоғарыда айтылғанды ой жүзінде дәлелдей түседі. Әдет-ғұрып сирек кездесетін емес,кең тараған болуы қажет имам Суюти «Салт-дәстүр қоғамдық ортада мойындалған болса ғана саналады, ал егер қоғамда айқын қолданыста болмаса есепке алынбайды»дейді. Және де салт-дәстүр бізге ата -бабаларымыздан жеткен күнделікті өмір қолданысындағы дәстүр болуы  қажет. Себебі, салт-дәстүр уақыттан-уақытқа,халықтан-халыққа ауысып келе береді. «Саясат күнде өзгереді,ал дін-мәңгілік», – деп құрметті ел басымыз атап өткендей,қанша ғасырлар өтіп,қанша қоғамдық формациялар өзгеріске түсседе діни құндылықтар сол күйі қалады да ұрапқтан-ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады. Дін адамдарды теріс әдеттерден,адасқандардың жолына ілеспеуді,харамға қол салмауды,өтірік айтпауды, жемқорлық, парақорлық, ысырапшылдық деген зиянды нәрселерден мұсылманшылдық дәстүрге қайшы келетін жаман әдеттерден бойыңды аулақ ұстауға үйретеді.

    Қазіргі қазақ қоғамында орын алып жатқан көлеңкелі көріністердің бірі жат діни ағымдардың халықтық дәстүрге қайшы екендігін айтуға болады. Олардың шашбауын көтеріп жүрген қаракөз қарындастарымыз,аға-бауырларымыздың әрекеттері жүректі ауыртады. Исламды былай қойғанда күнделікті өмір сүру тәжірбиесі саналатын дәстүрді мүлдем жоққа шығарушылар кең етек алуда. Дәстүр мен діннің ара-жігін ажыратып жатпайды. Себебі, олардың басым көпшілігінде діни сауатсыздық орын алып жатқанын көреміз. Қазақ салт-дәстүрлерінің дені дінге қайшы келмейді. Бірақ қазіргі қоғамымызда мұсылманшылдыққа жат кейбір әдетке айналған жағымсыз істер кездеседі. Соның бірі адасқандардың жолына ілесу. Қазіргі қазақ халқында кездесетін келеңсіз көріністердің бірі жат елдің тұрмыстық салттарын,мәдени құндылықтарын талғамсыз ала беру. Діні мен танымы мүлде басқа бір халықтардың қансық болған дағды-ғұрыптарын,теріс қылықтарын таңсық көріп,салт-санаға енгізудің зардабы зор. Бұл біздің болмысымыздан,қазақлық мінез -құлқымыздан ажырататын,құрдымға апаратын жол. Елдік ерекшелікті жөн-жосықты,тәрбие-тағылымдық дәстүрі ықпал,талап,сыншылдық сияқты ұлттық құндылықтарды жаңғырту аясында өзіміздің төл тарихымызды жиырма бірінші ғасырға лайықтап насихаттай білуіміз керек. Өткенге салауат,келешек ұрпаққа осының бәрі аманат,деген ұранды негізіге ала отырып қазіргі жастардың санасынан ұмыт қалып қолданыстан шет қалған ұлттық құндылығымызды дәріптеу керек. Салт-дәстүрді ұрпақ санасына сіңіру үшін әрбір қазақ өзінен бастау керек. Әрине оны жаңғырту оңай емес. Кез-келген ұлт өзінің ұрпағын саналы-салауатты болғанын қалайды. Тобрлық мәдениет жайлаған қоғамда даңғазарлық алқын-жұлқын мінез озбырлық сияқты құбылыстар ұрпақ санасына кері ықпал тигізуде. Тобырлық сана-өзіндік пікірі жоқ,кім не айтса соған еріп кетеді. Қоғамда осыған қарсы тұратын тосқауыл барма? әрине бар ол ата -бабамыз қалыптастырған салтымызбен тәрбиелік мәндегі қағидалар яғни өнегелік деңгейдегі ғұрыптарымыз Бірақ ұрпақ санасына сіңісті болып жатыр ма?  мәселе осында. Қазіргінің баласы“Ақылды темір тордың соңында”білімнің нәрін басты ұрпақ зердесіне тоқиды өзі біледі деу ағаттық.Комфютерді игеру мамандықты игерумен байланысты ал қоғам мен мемлекетте отбасында ең әуелі“Адам болуы қажет”Абай өз заманында ел ішінде келеңсіз кемшіліктерді көре одан құтылу жолын амалын және емі ретінде “Адам бол”принцпін айтып кетті. Дәл қазіргі ақша мен пайда дүние байлық құндылықтар арсыздана алға шыққан уақытта имандылықты насихаттайтын бағдарғана қазақи болмысымызды сақтап қалуға ықпал етеді.Отбасынан бастап жоғарғы оқу орындарында өнегелі тәрбиесі басты орында болуы керек. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі азамат,оның өзіндік көз-қарасы ұстанымы имандылық қасиеттері бар азамат болуы тиіс. Қоғам мен мемлекетте тәрбие мәселесіде ең алдымен адам бол, маман бол принцпін қалыптастыру қажет.

    Жүректің көзі ашылса

    Хақтықтың түсер сәулесі

    Іштегі кірді қашырса

    Адамның шегінер кеудесі -деп  Абай атамыз айтқандай,дәстүрлі дінінен,ділі мен тілінен,әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды қуаттай білгеніміз жөн.Тәуелсіз қазақ елінің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын,ата-баба жолынан айнымағандығын білдіреді. Қазақтың салт- дәстүрі ол біздің дініміз яғни ислам дінін қазақтың салт-дәстүрінсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан біздің дініміз,ол біздің салтымыз. Егерде біз салтымызды жоғалтсақ онда қазақилығымызды жоғалтамыз,қазақилығымызды сақтау үшін ата-бабадан мұра болып қалған  дәстүр құндылығымызды шама-шарқынша келешек ұрпаққа насихаттап жеткізіп кету бізің ұлт алдындағы борышымыз. Осы тұрғыдан алғанда дін мен дәстүр сабақтастығын,салт-сана  мен діни танымның бір арнада тоғысатындығын сенімді түрде айта аламыз.

    Салт-дәстүрден дініме келмес зиян

    Ислами нәр берсе өскен ұяң

    Дінін салтын дәстүрін білген бала

    Қай ортада жүрседе болмас ұяң

    Ұлтын сүйсе дәстүрін құрметтейді

    Дұшпандарым ортада жүрсе мейлі

    Дінмен дәстүр қазаққа егіз ұғым

    Бөліп-жарып жүргендер опық жейді

    Дәстүр салтым халқымның қазынасы

    Исламның жүзінде тұр ар ибасы

    Дінін салтын-дәстүрін пір тұтатын

    Қазағымның мызғымас қағидасы

    Ата дінім дәстүрден алшақ емес

    Ұлылырды ұлықтап алсаң кеңес

    Шолтырайтып балақты кескенменен

    Болмысына қазақтың әсте келмес

    Дәстүр дінім байлығым мақтанышым

    Ақиқаттың жолына апаратын

    Батыс жаққа еліктеп жүргендерден

    Күнім жетті ағайын сақтанатын

    Діні бұзық дәстүрді мойындамас

    Қана бұзық ұлт үшін уайымдамас

    Ауыруды жасырған өлет дейді

    Ашық айтсам мінімді айып болмас- деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін осындай бір өрнекті ғибратты өлең жолымен жеткізгім келеді.

    Ануарбек Еркежан

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Салт-дəстүр мен Ислам дінінің сабақтастығы

    Ұлттық құндылық- белгілі бір ұлтқа тән , сол ұлттың даму, қалыптасу тарихында ғасырлар бойы мәнін ...