Ресейде бір айда вирустан 60 мыңға жуық адам көз жұмған

3522
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/6c3861a4-3584-4856-9d54-008375bba239.jpeg
Ресейде қазан айында 58 822 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Росстат мәліметтері бойынша, тағы 9 912 жағдайда дәрігерлер бұл инфекцияны өлімнің негізгі себебі деп санайды, бірақ растау үшін қосымша зерттеулер қажет. Сонымен қатар, коронавирус 1 141 адамда басқа аурулардың өлімге әкелетін асқынуларын тудырған.
«2021 жылдың қазан айында өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қазан айында өлім-жітімнің жалпы өсімінен 100% -дан астамы COVID-19-дан болатын өлім-жітімге тиесілі, бұл ретте басқа аурулардан болатын өлім-жітім 6,2% - ға төмендеді»,– деп мәлімдеді елдің вице-премьері Татьяна Голикова.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사