Мәскеуде "Хизб ут-Тахрир" террористтік ұйымының өкілдері құрықталды

5334
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/1.jpg
"Ислам азаттығы қозғалысысының" жеті мүшесі бүгін Мәскеудегі СИЗО-ға тоғытылды. Террористтік ұйымның мүшелері Мәскеуде әртүрлі діни ақпараттар мен күдікті әрекеттері кезінде қолға түсті. Бұл жайында ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлады. Қолға түскен "Хизб ут-Тахрир Әл-Ислами" террористтік ұйымының өкілдерінің осыған дейін сотты болғандары да бар. Арнайы барлау қызметінің мәліметінше, террористтік ұйымның өкілдері Мәскеу қаласында террорлық акт жұмыстарына дайындықты бастаған. Ұсталған "Хизб ут-Тахрир Әл-Ислами" ұйымы өкілдерінің көбісі Тәжікстан мен Қызғызстанның азаматтары екендігі анықталды. Алдағы уақытта оларды 10-20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.  

«Адырна» ұлттық порталы  

 
댓글
기타 기사