Алматыда әскери бөлімдегі сарбаз сүйіктісімен жанжалдасып қалғаннан кейін әскерден қашып кетті, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы ақпарат инстаграм желісінде тарала бастады.
6654 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік -құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жандос Құлбаевтың айтуынша, сарбаз 11 тамызда сағат 02: 00 -де табылған.Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Біз бұл жауынгерді хабарландырудың арқасында ұстадық. Оның қашып кетуіне оның сүйіктісімен ұрысып қалып, оған баруға шешім қабылдауы себеп болды. Ол Атырауға кеткісі келді. Оған қатаң сөгіс жарияланды", деді Жандос Құлбаев.
"Адырна" ұлттық порталы