Қазақстанда қанша адамның вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды

4368
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/on-2.jpg
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғаннан кейінгі коронавирус жұқтырғандардың статистикасын жариялады. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 
«Вакцинадан кейін барлығы 3 165 адам індетпен ауырды. Оның ішінде бірінші компоненттен кейін 1 684, екінші компоненттен кейін 1 481 адам вирус жұқтырды», - деді ол.
Вакциналар бойынша ауырғандар саны: – «Спутник V» – 2 791 адам; – QazVac –  59 адам; – Hayat-Vax –  293 адам; – Coronavac – 18 адам.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사