Қазақстанда аптап ыстық болады

3303
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/bir-9-960x500.jpg?token=ac9b208b7df0000152b5c6ed00c67004
Қазақстанның бірнеше облысында күннің қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Атап айтсақ, алдағы күндері Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында термометр бағаны 40 градусқа жақындайды. Маңғыстауда температура одан да жоғары болады деп күтілуде, мәселен, кей жерлерде + 42°C. Ал Нұр-Сұлтанда ыстық ауа райы жалғасады. Сондай-ақ республиканың оңтүстігінде синоптиктер шаңды дауыл мен желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді деп болжауда.  

«Адырна» ұлттық порталы.

댓글
기타 기사