Үсік болады: 7 өңірде қатаң ескерту жарияланды

3868
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/759b9926-8896-437f-8d51-76dc2deb4318.jpeg
«Қазгидромет» РМК 4 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында> түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде түнде 2 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан облысының> кей жерлерінде түнде 3 градус үсік, тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының> кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші жекелеген аумақтарда күндіз 25 м/с жетеді. Ақмола облысында> күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с артады. Түнде жекелеген аумақтарда 3 градус үсік жүреді. Павлодар облысының> кей жерлерінде түнде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысында> 4 мамырда – күндіз, 5 мамырда тәулік бойы солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Түнде 4 мамырда кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік сақталады.
댓글
기타 기사