Министр вакцинаның кесірінен қызметтен кетті

5979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/iocwhgdduy2o2xe.jpg
Словакия премьер-министрі Игорь Матович Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Марек Крайчиді Sputnik V вакцинасын сатып алу жөніндегі келіспеушіліктерге байланысты отставкаға жіберетіндігін айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Словакия препараттың Еуропалық Одақта тіркелуін күтпестен, алғашқы партиясын Ресейден 1 наурызда алды. Дереккөздің мәліметінше, вакцина Словакия мемлекетіне жасырын түрде енгізілген. Матовичтің айтуынша, Денсаулық сақтау министрінің қызметтен кетуіне шын мәнінде вакцинаның алынуы емес, биліктегі тартыстар себепші болған.
댓글
기타 기사