Қыстың қызығы (ертегі)

9707
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/101e9597-dd85-483e-a170-9585c21c2b62.jpeg

Қыс мезгілі. Айнала-маң – аппақ. Биыл қар қалың жауды. Рақат болды. Алыстан екі баланың даусы естіледі. Бұл – Берік пен Ерік. Олар – әрі дос, әрі көрші. Екеуі сырғанақ тепті. Бір-бірін шанамен сүйреді. Аққала жасады. Сөйтіп, әбден ойынныңқызығына батты.

– Ертең шаңғы тебейік, – деді Берік.

Содан соң балаларды жинап хоккей ойнайық, – деді досы.

– Келістік! – деді Берік. Сөйтіп, үстілеріндегі қарды қағып, үйлеріне кетті.

Әлібек БАЙБОЛ Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі,

жазушы-драматург,

әдебиеттанушы, сыншы.

댓글
기타 기사