Сонымен... 4 әуежай шабуылданған, 41 ұшақ жойылған. Бұл орыстың қанатты зымырандар таситын стратегиялық авиация паркінің 34%-і екен. Шығын көлемі 7 млрд доллар.
"Паутина" операциясы 1,5 жыл дайындалған. Алдымен контрабандалық жолмен fpv-дрондар кіргізілген. Артынан ағаш үйшіктер жеткізілген. РФ жерінде сол ағаш үйшіктердің шатырларына дрондар жасырылған, олар әуежайлар маңына жеткізілген.
Команда берілген бойда дрондар жасанды интеллект көмегімен автоматты түрде ұшып шығып ұшақтарды талқандаған. Иркутскіде "Белая" (4700км), Мурманскіде "Оленья" (2000км), Ивановода "Иваново" (900км), Рязаньда "Дягилево" (700 км) талқандалған.
Барлық жұмыстар Украинада отырып атқарылған. Міне, жаңаша соғыс түрі дегеніміз осы.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз