Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы әктасты карьерде болған көшкін салдарынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Индонезияның ұлттық іздестіру-құтқару агенттігі қайғылы оқиғаның 30 мамыр күні Чиребон ауданында тіркелгенін хабарлаған. Ел құтқарушылары үйінді астынан 14 адамның мәйітін шығарды. Оқиға салдарынан одан бөлек 12 адам жарақат алғаны мәлім болды.
Билік өкілдері үйіндінің астында әлі 6-8 адамның қалуы мүмкін екенін ескертті. Құтқару жұмыстарына полиция мен әскерилер, еріктілер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта бес экскаватор оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Батыс Ява губернаторы Деди Мульяди әлеуметтік желіде осы карьерге ақпан айында барғанын және қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын сол кезде-ақ байқағанын жазды. Қайғылы оқиғадан кейін губернатор бұл карьердің және провинциядағы тағы төрт ұқсас кәсіпорынның жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
Индонезияда заңсыз шахталар мен карьерлер кең таралған. 2024 жылы Суматра аралындағы заңсыз алтын өндіру шахтасында көшкін болып, кемінде 15 адам көз жұмған болатын.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз