Қазақстандық гимнаст Словенияда өткен жарыста алтын медаль жеңіп алды

2015
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-17-at-20.26.29-960x500.jpeg?token=af3082a9a9dfebdbf4375e02a941b8cb

Қазақстандық спорттық гимнаст Дияс Тойшыбек Словенияның Копер қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тойшыбек ат үстіндегі жаттығуда жоғары шеберлік танытып, финалдық орындауында 14,033 ұпай жинады. Жарыс барысында ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Зейнолла Идрисов 13,866 ұпаймен күміс медаль иеленді. Ал албаниялық Матвей Петров 13,200 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салсақ, осыған дейін көркем гимнастикадан Азия чемпионатында да Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алған болатын.

댓글
기타 기사