"Мәсімовпен байланысқан". Ұлыбританияда Айгүл Нұриеваға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

2011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-15-at-17.51.41-960x500.jpeg?token=1810318122fdd4fc8610cdba665f7f87

Ұлыбританияда Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовпен байланысы бар деп саналатын кәсіпкер Айгүл Нұриеваға қатысты тергеу басталды. Ол британ парламентінің депутаты Маргарет Ходждың «лас ақшамен күрес» бастамасы аясында назарға ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жас Алашқа сілтеп.

Айгүл Нұриева – Қазақстандағы ықпалды бизнесмендердің бірі. Бұрын ол «Қазақтелеком» және бірқатар телекоммуникациялық компанияларда үлеске ие болған. Тергеу материалдарына сәйкес, Нұриева Лондондағы элиталық Regent’s Park ауданында жалпы құны 12 миллион фунт стерлингті құрайтын екі пәтер сатып алып, оларды біріктіріп жөндеу жұмыстарын бастаған.

Маргарет Ходж Нұриеваны «Ходж тізіміне» енгізіп, оның активтерінің заңдылығын тергеп-тексеруді талап етті. Бұл тізімде сондай-ақ Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары мен басқа да ықпалды тұлғалар бар. Депутаттың айтуынша, бұл активтердің шығу тегі күмән тудырып, Ұлыбританияның қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Нұриева мен Мәсімовтің байланысы бұған дейін де БАҚ-та талқыланған. Кәрім Мәсімов премьер-министр қызметін атқарған жылдары Нұриева шетелдік компаниялармен, оның ішінде шведтік TeliaSonera компаниясымен жасалған келіссөздерде делдал рөлін атқарған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Айгүл Нұриева Ұлыбританияда тұрады. Оның мүлкіне қатысты тергеу әлі жалғасуда.

댓글
기타 기사