Соңғы қоңырауға ақша жинауға және мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынды

2034
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/soңғy-қoңyrau-960x500.jpeg?token=7e952092bc67733407b7565c97fef8c0
2024–2025 оқу жылының соңында өтетін «Соңғы қоңырау», қорытынды аттестаттау және басқа да мектепішілік іс-шараларға байланысты бірқатар талаптар мен ережелер енгізілді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мектеп басшылығының талабынша, сыйлық немесе ақшалай алғыс беруге болмайды. Тек «ризашылық сөздермен» және «алғыс хаттармен» шектелуі тиіс. Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге қатаң тыйым салынған. Оның ішінде, оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау да бар. Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау да орынсыз. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың көңіл-күйіне де мән берілмек. Соңғы қоңырауға ақша жинауға тыйымның бір мақсаты осында жатыр. «Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер жол берілмейді. Жекелеген оқушыларды бөліп-жаруға, материалдық жағдайға байланысты кемсітуге жол берілмейді», – делінген нұсқаулықта. Тәртіпке сай емес әрекеттер деп дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау көрсетіліпті. Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Сынып ішінде дастарқан жаюға немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге болмайды. «Соңғы қоңырау» шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады. Айта кетейік, биыл оқу жылының соңғы қоңырауы 23-ші немесе 24 мамыр күні соғылады.   
댓글
기타 기사