Әскери қызметшілер тұрғындарға сарбаз ботқасынан дәм татқызды

2144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/46cb6219-e9d4-4d33-bab3-0af28ab89951-960x500.jpeg?token=21e2d4e46b7b735d05adcc126a47e54e

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері саябақта патриоттық шара ұйымдастырып, қонақтарға нағыз сарбаз ботқасын таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл - майдандағы бауырластық пен ерліктің символы. Ыстық тағам 80 жыл бұрын майдандағы сияқты далалық ас үйден тікелей таратылды. Ботқаның дәмін татып көргендердің бәрі бір сәтке соғыс жылдарын, майдан өмірінің рухын сезіне алды.

“Бұл сарбаз ботқасы – батырларымыздың ерлігі мен төзімділігіне ықпал еткен дәм. Біз мұндай акцияны жыл сайын жеңіске жеткендерге құрмет ретінде өткіземіз. Біздің мақсатымыз – Ұлы Жеңістің маңызын жастарға жеткізу, майдангерлерді есте сақтау және тарихқа деген құрметті нығайту”, – деді институт бастығының тыл жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Жамбаев.

Шара әр түрлі жастағы еңбек ардагерлерінен бастап балалары бар жас отбасыларына дейінгі жүздеген азаматтың басын қосты. Көбі естелік фотосуретке түсіріп, бостандық үшін күрескен ата-бабалары туралы әңгімелерін айтты.

댓글
기타 기사