Президенттер бір-біріне көңіл айтты

2211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/e2b67ef4-c6b8-478b-8682-21acf1025adb.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі”, — делінген хабарламада. Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты. Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты. Айта кетелік, бүгін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Президентке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.  
댓글
기타 기사