Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы мәлімет берді

2143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/photo-output-18-960x500.jpeg?token=f94beccc89a626e90fbc26717c3840f7

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам қазір Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ем алып жатыр. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дәрігерлердің ақпаратынша, зардап шеккен алты адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр:

  • Бір науқастың жағдайы өте ауыр;
  • Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.
  • Қалған екі науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастырып жатыр.

«Ем алып жатқан алты адамның үшеуі – Әзербайжан азаматтары, ал қалған үшеуі – Қырғызстан азаматтары. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», – делінген хабарламада.

Еске сала кеиейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

댓글
기타 기사