Шешенстан президентінің ұлы Ресейдің рекордтар кітабына енді

1919
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-27-at-16.24.49-960x500.jpeg?token=db97fcc125b6674e2a053d97df180913
Шешенстан президентінің он алты жастағы ұлы рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ТАСС мәліметінше, Адам Қадыров Ресейдің рекордтар кітабына кірген. Нақтырақ ол Ресей Федерациясының құрылтай субъектісі  қауіпсіздік қызметінің ең жас басшысы болған. Еске салайық, Қадыровтың ұлы бұл қызметке 15 жасында келген. Он бес жастағы Қадыров 2023 жылдың тамызында тергеу изоляторында Құранды өртеу ісі бойынша қамауға алынған Никита Журавелді ұрып-соққан. Осыдан соң ол 2023 жылдың қазан айында оған Шешенстан Батыры атағы берілді, ал қарашада Адам Қадыров әкесінің қауіпсіздік қызметін басқарды. Бірнеше марапаттардан соң, 2024 жылдың тамызында Адам Қадыров Шешенстанның ең жоғары наградасы – Қадыров орденін алды. Айта кетейік, бұл оның оныншы нагдарасы.
댓글
기타 기사