Париж Олимпиадасы. Паралимпиада ойындары бойынша бүгін кім жарыс жолына шығады?

2104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-31-at-13.25.33.jpeg

Бүгін Қазақстан құрамасы паралимпиада ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алғашқы екі күнде ел қоржынына ешқандай жүлде түспеді. 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтіп жатқан дүбірлі дода Парижде өтіп жатыр.

Бүгін жарыс жолына пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов шығып, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі. Ал, 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды. Ал пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеспек. Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.
댓글
기타 기사