Шахматшы Бибісара Асаубаева тағы бір жүлдеге қол жеткізді

2512
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/0286d127-669b-4e4d-a79f-382ad5f34792-960x500.jpeg?token=7b4b9ada6bd5204496e7c56a9aa9567e
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы Tbilisi Grand Prix 2024 турнирінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Еліміздің шахматшысы соңғы турда Үндістан өкілі Рамешбабу Вайшалимен тең ойнап, 5,5 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Ал грекиялық Ставрула Цолакиду үшінші орынды иеленді. Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Асаубаева үшін Тбилисидегі турнир оның биылғы үлкен жетістіктерінің бірі болып саналады.
댓글
기타 기사