Батыс Қазақстанда мопед тізгіндеген жасөспірім көз жұмды

3020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/izobrazhenie_2023-11-08_092808799-960x500.png?token=45fea85ea0cc12a89b4d24f49588270f
Батыс Қазақстан облысында мопед мінген жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданында болған. Мопед пен мотоцикл соқтығысып, жасөспірім көз жұмды. Одан бөлек, тағы үш адам жарақат алған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше 20 маусым күні сағат 03.30-да аудан орталығы Переметный ауылында болды.
«2006, 2007 және 2008 жылғы екі жасөспірім түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлерінің қатысуымен олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Ауыр жағдайда түскен 2006 жылғы жасөспірім 22 маусым күні қайтыс болды. 2007 және 2008 жылғы жасөспірімдерге амбулаториялық ем тағайындалды. 2008 жылғы жасөспірімге ота жасалды, жағдайы орташа ауыр, травматология бөлімшесінде емделуде», - деп хабарлады ведомстводан.
댓글
기타 기사