Министрдің сағаты 2 миллион тұра ма? – Әрінов жауап берді

2628
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-18-at-12.10.00-1.jpeg
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің қол сағаты және жұмыс киімге байланысты ұраққа жауап берді, деп хабарлайды Adyrna.kz ұлттық порталы. Сағатты 2 миллион деуі асыра айтылған және бізде форманы өз ақшасына сатып алу деген жоқ. Біз өз құтқарушыларымызды тегін киіммен қамтамасыз етеміз. Әрине, мүлдем жаңа емес, бірақ қамтамасыз етіледі, – деді Әрінов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. БАҚ өкілі министрдің сағаты қанша тұратынын сұрады. “2 миллион теңге тұрмайды. Қанша тұратынын нақты білмеймін, маған сыйға тартылған стандартты сағат, – деп жауап берді министр. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза болатынын айтты.
댓글
기타 기사