Түркияның оңтүстік-шығысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы 26 мамырда Нalktv телеарнасы Х әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Halk TV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Мерсин қаласында болған. Мәліметті Мерсин губернаторы Али Гамзу Пехливан растады. “Губернатор Али Гамзу Пехливан автомагистральда автобуспен бірнеше көлік соқтығысқан жол апатында 11 адам қайтыс болыпп, 30 адам жарақаттанғанын мәлімдеді”, - делінген хабарламада.Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде апаттың себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы жергілікті азаматтар.