Зардап шеккендер бар. Қарағанды ​​облысында атыс болды

4794
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-01-at-01.08.50.jpeg
Қарағанды облысында атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Әлеуметтік желіде атыс кезінде түсірілген видео пайда болды. Облыстық ПД атыстың Шет ауданы, Ағадыр ауылында болғанын айтады.  Оқиға салдарынан жарақат алған адам медициналық мекемеге жатқызылған.
"31 наурызда Ағадыр кентіндегі емдеу мекемесіне жергілікті тұрғын аяғын шолақ мылтықпен жарақаттап келген. Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ведомствода қылмыстық іс бойынша тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылды.
댓글
기타 기사