Астаналық тұрғын көлігі мен ақшасынан айырылып, полицияға шағымданды

3020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/2f689e01-a1af-40c3-af50-a03c417888b6-960x500.jpg?token=92c787ee07e9fd3d5cfc2b4f75f2ace8

Polisia.kz сайтынының мәліметінше, оқиға 20 желтоқсан күні Қосшы қаласында болған. Көлігі мен ақшасынан айырылған елордалық тұрғын полицияға шағымданған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігін мініп, кетіп қалған. Көліктен бөлек, оның артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар екенін де айтты. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. Аталған іс ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사